Сот отырысы тәртібін бұзушыларға қолданылатын шаралар

Сот отырысы тәртібін бұзушыларға қолданылатын шаралар

Азаматтық іс жүргізудің міндеттері азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін қорғау, қалпына келтіруді жүзеге асыру, қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру болып табылады.

Заңдылықты жүзеге асыру барасында сотқа қатысушы барлық тұлғаларға бірдей міндетті ережелер қалыптастырылған. Сот отырысы тиімді қалыптастырылған, сот отырысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда өткізілуі қажет.

Сот отырысындағы тәртіпті сақтау  Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (ары қарай –АПК) 187 бабы 3 тармағына сәйкес іске қатысатын адамдар, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтар сот отырысы залындағы тәртіпті сақтауға міндетті деп көрсетілген.

Сот тәртібін бұзушыларға ескерту, сот отырысы залынан шығарып жіберу шаралары қолданылады.

         АПК-нің 188 бабына сәйкес  істi талқылау кезiнде тәртiпті бұзған адамға төрағалық етушi соттың атынан ескерту жасайды. Бұл дегеніміз сот ауызша түрде ескерту жасау арқылы, бұл әрекеттердің дұрыс еместігін, сот отырысын жүргізуге кедергі жасайтынын және болашақта сол әрекеттерді жасамау үшін қолданды. Қайталап жасаған жағдайда соттың ұйғарымымен сот хаттамасына бекітілу арқылы тұлға сот отырысы залынан шығарылуға жатады. Төрағалық етуш сот  талқылауының барлық уақытына немесе оның бiр бөлiгiне сот отырысы залынан шығарып жiберуi мүмкiн. Сот отырысының бір бөлігінен шығарылып жіберген жағдайда, сот отырысына қайта қосылған тұлғаға, ол болмаған  кезде жасалған процестік әрекеттермен таныстырады, зерттелген мән-жайлар бойынша түсініктеме беруге және іске қатысатын басқа адамдарға сұрақтар қоюға құқылы болады.

"Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" заңының 1 бабы 3 тармағына сәйкес сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

         Процеске қатысушы тұлға тарапынан тікелей сот талқылауы барысында сотты құрметтемеу фактісі анықталған кезде сот кінәлі адамға АПК-нің  120-бабында белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдануға құқылы, бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 33 тарауымен белгіленген шаралар қолданылады, ал қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, бұл адам қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.

АПК-нің  120-бабына сәйкес сот отырысында сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталғандығы туралы осы бұзушылық анықталған сот отырысының процесін тікелей жүргізуші судья (сот құрамы) құқық бұзушыға дереу сот отырысында сот кеңесу бөлмесіне кетпестен жариялайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыны төрағалық етуші судья азаматтық іс бойынша сот отырысы аяқталғаннан кейін кеңесу бөлмесінде дайындайды, оған судьялар (сот құрамы) қол қояды. Егер сотқа құрметтемеушілік сот отырысында білдірілсе және тәртіп бұзушы сот отырысының залынан шығып кеткен жағдайда, сот отырысынан тыс сотқа құрметтемеушілік білдірілмеген кезде, сондай-ақ егер сот отырысына келуден жалтару белгіленсе, сот приставы немесе соттың өзге жұмыскері сот төрағасының немесе сот отырысына төрағалық етушінің ауызша өкімі бойынша құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды, бұл туралы құқық бұзушылық туралы хаттамада көрсетіледі. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, сот бұл туралы қаулы шығарады, ол өзіне қатысты қаулы шығарылған адамға үш жұмыс күні ішінде тапсырылады және (немесе) жіберіледі және растайтын материалдармен бірге прокурорға сотқа дейінгі іс жүргізуді ұйымдастыру үшін жолданады.

 

Астана қаласы Сарыарқа аудандық

сотының судьясы Қ.Е.Алпысбаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив