Сот жұмыскерлердін құқықтарын қорғады

Сот жұмыскерлердін құқықтарын қорғады

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық соты бұрынғы жұмыскерлердің жұмыс берушіге негізгі көрсеткіштер мен өнімділікті бағалауды міндеттемесін жүктеу бойынша еңбек құқықтарын қалпына келтірді.

Іс материалдарына сәйкес, жұмыскерлер штат қысқартылуына байланысты жұмыстан шығарылды. Алайда, жұмыстан шығарылғаннан кейін жұмыскерлердің жұмысы бағаланбады.

Жұмыскерлер сотқа дейінгі реттеу тәртібімен жұмыс берушіге жүгінді, бірақ бұл әрекеттер нәтиже бермеді және жұмыскерлер сотқа жүгінді.

Істі қарау кезінде жұмыс беруші әр есепті кезеңнің соңында қызметтің тиімділігін бағалау Ережелерін бекіткені анықталды.

Еңбек Кодексінің 23 бабының 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының, өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға міндетті.

Есіл аудандық сотының шешімімен бұрынғы жұмыскерлердің талаптары қанағаттандырылды. Сот жұмыс берушіге жұмысының негізгі көрсеткіштері мен жұмыс кезеңінің тиімділігін бағалауға міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив