Қазақ тілім – менің ұлттық мәртебем

Қазақ тілім – менің ұлттық мәртебем

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»

«Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» 

Қазақ тілі – елдің қазынасы. Тіл – көңілдің бұлағы, ой – қоңырауы. Екі сөзінің бірінен мақалы мен өсиеті қалмайды. Қазақ тілінің шырыны – бабалар өсиеті. Өлмейтін өсиетті естіген кеуде еріксіз тулайды. Ол қасиетті қазақ тілінің құдіреті.

Елбасымыздың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу қажет» – деп айтқан пікірі барша қазақ елінің нақты мақсаты болуға тиіс.

Қазақтың тілі – шексіз мұхит секілді, күллі әлемді қамтыса да бояуы өңбейді, әлемдік тілдермен теңестіре қалса, ноқтасын бермейтін ұлы тіл. Қазақ тілі - ұлтымыздың мақтанышы, елдің айнасы. Ұлтымыздың асыл қасиеті мен тектілігін дәріптеп, жеткізуші де ана тілі. Тілдің беделі бір күнде қалыптаспайды. Тіл беделі – ұлт мерейі. Қазақ елі - әлемде жалғыз ғана ел.  

         Әр бір отбасы – өз алдына бір кіші мемлекет. Адам өз ұрпағы үшін өмір сүреді, ұрпағымен мың жасайды. Әр жас тұлға тәрбиені алдымен от басынан алады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» - деп ұлағатты ой саптау да, уыз тәрбиенің ықпалының құнын байыптап береді. Жас бөбектер кеудесін тіктемей жатып, туған тілімен сусындаса, сол тілдің арқасында елдің тарихын, шежіресін, сөз киесін түсініп, ұлттық құндылықтардың бәрін есітіп, көңіліне тоқып өседі. Сондай ортада есейген тұлға, өз тілінің де, өзге тілдің де бағын аша біледі. Өзін жарылқаған ұрпақтың өзегі талмайды, сүйегі қатқанда алған тәрбиенің сіңімі болмайды. Қазақтың тілі – тектіліктің тұғыры, ол ұлттық намыс пен рухтың қайнар көзі. Өз тілін білмеген ұрпақ, алыстан бақыт тапқанмен, түптің түбінде өз кемшілігі үшін өкінетін болады. Өйткені, көп нәрсенің байыбына барып зерделей алмайды.

Ана тілді жетік меңгермеген ұрпақ, қазақы мінездің қадірін аяқ асты етеді. Мұның өзі ел ішіндегі мысық тілеулес топтардың бел алуына ықпал етеді. Өз ағасын ағаламаған, кісі ағасын бағаламайды. Ұрпақтың өмірлік танымы түбегейлі өзгеріп, адасқанын аңғармай қалатын тұсы осы. Туған елінің, өскен ортаның тектілігіне көзін жеткізе білген жан, ешқашан аңғалдыққа жол бермеген болар еді. Ата тарихты айызы қанып жетік білген қаны таза әр қазақ, «Мен қазақ болып туғаныма қуанамын», - деп мақтанышпен жар салып жатса, шіркін! Қазақ тілі дәл сондай сезімге лайықты тіл! Менің жүрегім үнемі осындай мақтанышпен соғады. Әр қазақ жалғызым деп ана тілін аяласа, елдің мәртебесі асқақтап, өсері көбейеді, ұрпақтың жұлдызы биікте маздамайды. «Аруана ботасын ерітеді, ботасы өскен соң, анасын ерітеді», - деп анасы көкжал, алмас қылыш Әйтеке би бабам бекер айтпаған. Келер ұрпақ туған тілінің мерейін көтеру үшін, алдымен қоғам мектептегі оқулықтардың құндылығын арттыру қажет. Бір ғана қазақ тілі оқулығын ғана алайық. Кеңес дәуіріндегі оқулықтың сапасымен, қазіргі қазақ тілін салыстырсақ, оқулықтар да тіл ережелері толық емес, оқушының қабылдауына да ауыр тиеді. Сынақ хаттар, шығармалар жазуға да сағаттар аз беріледі. Төл тілін білмеген, өз ойын еркін жаза алмаған оқушы, басқа пәндерді жақсы қабылдай қоюы екі талай. Сондықтан, бәрін мектеп партасынан бастау, ата-ананың балаға деген жауапкершілігін арттыру, ұстаздың статусын көтеру мәселесін қайта қарайтын уақыт жеткен сыңайлы. Біздегі бір кемшілік, жас ұрпаққа берілетін патриоттық тәрбиеде бір жүйеге түспеген. Осы саланы қайта ширату арқылы жастардың патриоттық рухын көтеруге болады.

Қазіргі қазақ тілі – жалпы әлемдік тілдік дамудың биік деңгейінде тұрған дамыған тіл. Ғылыми тарихи жүйеден қарайтын болсақ, біздің тіліміз қазіргі адамзаттың үлкен тілдік арналардың ең бір жетілген саласы болып табылады. Республикамыздың дербестік алып, шын мәнінде тәуелсіз мемлекет болуын айтпағанның өзінде, «Тіл туралы» Заң қабылданып, ол белгілі дәрежеде жүзеге асырылып жатқанда, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беріліп, бұл жайында Конституцияға арнайы бап енгізіліп отырғанда, еліміздің тазалығын сақтау, сөйлеу мәдениетін көтеріп, әрбір сөздің нормаға сай болуын және өз мағынасында дұрыс қолданылуын қадағалап отыру ерекше маңызды болмақ.

Бүгінгі таңда «Тіл тағдыры – ел тағдыры» деп түсініп, тілдің қоғам өміріндегі қолданысына, оның бүгінгі мен болашағына толғанатын біздің тіл жанашырларының тіл мәселесіне ерекше назар аударып отырғанымыз анық. Тілді тіл ғылымы мен әдебиеттің нысаны етумен ғана шектелмей, бүкіл Қа­зақ елінің ұлттық сұранысы мен мемлекет­тік мәртебесіне айналдыру – қашанда өзекті мәселе. Мемлекеттік тілге деген құрмет пен ықылас ұлттық сананың биігіне көтеріліп, жалпыхалықтық мүдде кеңістігіне шығу қажет. Тіл Отан көлемінде қуатты қатынас құралы бола тұрып, халықаралық байланыста да өзінің мемлекеттік мәртебесін сақтауы үшін жас ұрпақтың жеке тұлғалық қасиеті мен патриоттық сезімін ұштастыра тәрбиелеу – біздің ұстаздық парызымыз. Сонда ғана қазақ тілі қоғам өмірінің бар саласында шынайы сұранысқа ие болады.

Сол тіл мәселесі, оның ішінде мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілінің тағдыры жайында тіл маманы ретінде айтарым: Мемлекеттік тілімізді аман сақтап, ілгері дамыту үшін бәрімізге ұлттық сана, азаматтық биік тұғыр, мемлекеттік идеология қажет. Еліміздің экономикасы мен әл-қуаты артып, саяси-әлеуметтік еңсесі көтерілген сайын, ұлттық тіл мен ұлттық рухымыздың да өскенін, ұлттық мүддемізді екінші қатардағы қосалқы дүниедей болып қалмауын қадағалау – бәрімізге парыз. Қазір біз тілдің дамуының бүкіл жауапкершілігін өз мойнымызға алдық, өзімізден өзіміз талап ететін кезеңге жеттік. Қазақ тілі үшін бәріміз де қарыздармыз, сондықтан қолымыздан келген қамқорлығымыз бен көмегімізді өз тілімізден аянып қалмайық, өйткені тіл – біздің ертеңгі ұрпақтарымыздың панасы. 

Мустафина Бота Сериковна

БҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

  1. аватар
    Garnet 4 апреля 2024 13:14

    Its like you learn my thoughts! You appear to know a lot approximately this, such as you wrote
    the e-book in it or something. I think that you just could do with some percent to pressure the message house a bit, however other than that, this is fantastic blog.

    An excellent read. I will certainly be back.

    My blog post :: Brock

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив