Мемлекеттік тіл - Ұлт тағдыры

Мемлекеттік тіл - Ұлт тағдыры

Анам берген туған тілім - атам берген құрал тілім демекші, Қазақ тіліміз тарихта әр қашанда ерекше орын алып тұрған. Халқымыздың басына қаншама қиыншылық түсседе, тілімізді ұмытпай, ұлтымыз үшін күресіп, осы заманға бізді егеменді Қазақстанға әкелгені үшін, ата – бабаларымыздың еңбегін ұмытпауымыз қажет. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасын дарыған ана тілі ғана. Ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер.

Тіл - ұлттың ең басты айырмашылығы болып табылады. Қазақ тілі – ата-бабамыздан қалған баға жетпес асыл мұра. Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтап, таза ұстап, жаны ашуы тиіс. Тілді ұмытпау, сақтау, кадірлеу Елбасымыздың жастарға жүктеген ең басты тапсырмасы. Мемлекеттік тіл мәселесінде, ұстанымдары­ның негізгі  «Қазақ тілі» қоғамының алдына қойған мақсатының бір парасы тіл мәдениетін көтеру болып отыр. Қазақ тілінің мәртебесін нығайту үшін барлық қазақстандықтар мен шет елдегі қандастарымыздың қазақ тіліне деген құрметін арттыру, қазақ тілінің табиғи қалпын сақтау – қоғамның күн тәртібіндегі өткір мәселелер болып жатыр. Бұл ретте өңірлерде қазақ тілінің дамуына, жер-су, елді мекендердің тарихи атауларының қайта қалпына келтірілуіне барынша атсалысу жергілікті жерлердегі бөлімшелердің басты міндеті болып табылады.  
           Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы, қадір-қасиеті Елбасын да аз ойландырып, аз толғандарып жүрген жоқ. Бір сөзінде, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы», - десе, кейінгі Жолдауында айтылған: «Біз барша қазақстандықтарды біріктіруші басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш жігерімізді жұмсауымыз керек», - деген сөзінде қазақ тілінің Қазақстан халықтарының басын біріктіруші ұйытқысы болуын уағыздап отыр. Иә, айта берсең, қазақ тілі туралы проблема көп. Жаза берсең, таусылмайды… Ең бастысы, ана тілімізді сыйлайық ағайын.

 

Қасқырбай Ақтөре

Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған әскери сотының

приставы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив