Елордада жаңа соттың ашылуы өтті

Елордада жаңа соттың ашылуы өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы сотының төрағасы Тлектес Бәрпібаев елордада жаңа сотты ресми түрде ашты.

Сот Қазақстан Республикасында әкімшілік әділет енгізу аясында Президенттің Жарлығымен  мемлекеттік органдар мен физикалық және заңды тұлғалардың арасында жария-құқықтық дауларды қарау үшін құрылды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайтын әрекет етуші сот ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот болып қайта аталды.

Бүгінгі күннен бастап азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауды тиімді іске асыруға бағытталған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енді. Сондай-ақ, кодекспен татуластыру рәсімдерін қолдану қарастырылған.

Ең басты жаңашылдық ретінде талап қоюшы мен жауапкердің құқықтарының теңестірілуі танылады. Бұл жаңа сот қатардағы азаматтар мен мемлекеттік органдардың арасындағы соттық дауларды қарау барысында бейтарап болады деген ұғым. Негізгі өзгеріс – сот билігі тарапынан қарапайым азаматтарға өз құқықтарын қорғауда жәрдем көрсету болып табылады.

Жаңадан құрылған сот барлық техникалық талаптарға сай. Фронт кеңсе мен сот отырысының залдары сот өндірісін онлайн іске асыруға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялармен жабдықталған. Сотта сот қызметкерлерінің жұмысы мен келушілер үшін қолайлы жағдай жасалған. 

Жаңа соттың судьялары функционалдық міндеттерін орындауға, яғни сот төрелігін іске асыруға ресми кірісті.

Жаңа сот мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 10.

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив