ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ ТУРАЛЫ

ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ ТУРАЛЫ

      2020  маусымда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі ӘРПК)  және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

    ӘРПК мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізу тәртібін жүзеге асырумен байланысты қатынастарды реттейді.

    ӘРПК реттейтін қатынастардың қатысушылары мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

    Президенттің 2021 жылғы 26 қаңтардағы №500 Жарлығымен азамат пен әкімшілік (мемлекеттік) орган арасындағы қоғамдық- құқықтық дауларды қарайтын мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар құрылды.

   Барлығы ӘРПК юрисдикциясына  жатқызылған дауларды қарау үшін осындай 21 мамандандырылған ауданаралық сот құрылды, онда 179 судья сот төрелігін жүзеге асырады.

   Қабылданған кодекстің маңызды жаңалығы-жоғары тұрған мемлекеттік органға әкімшілік актінің сотқа дейінгі міндетті енгізу болып табылады.

   Азаматтарға ыңғайлы болу үшін төменгі орган арқылы жоғары тұрған органға шағым берудің оңайлатылған тетігі қарастырылған, яғни азаматқа жоғары тұрған органды іздеудің қажеті жоқ, ол шағымды тек шешім қабылданған органға жібереді.

    Шешім қабылданған әкімшілік орган актіге шағым түскен күннен бастап үш күн ішінде өзінің қатесін түзетуге және қолайлы акт жасауға немесе істі сілтеместен бітімгершілік келісіммен аяқтауға мүмкіндік алады, істі жоғары тұрған органға жібермей.

     Егер, соған қарамастан, іс жоғары тұрған органға жіберілсе, онда акт заңсыз болған жағдайда немесе орынсыздығына байланысты жоғары тұрған орган төменгі  мемлекеттік органның актісін жоюға құқылы.

    Бұл механизм жоғары тұрған мемлекеттік органның төменгі органдардың қызметіне бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ әкімшілік актілерді қабылдау кезінде біртектіліктің қалыптасуына және азаматтар мен заңды тұлғалардың уақыттарын едәуір үнемдеуге ықпал етеді.

Н.Мажитова 

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандардырылған ауданаралық сотының жетекші маманы 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив