Заман індеті-зорлық зомбылық.

Заман індеті-зорлық зомбылық.

Отбасы-шағын мемлекет дегеніміз, бұл отбасының қоғамда алар орнына қарай айтылған сөз десек қатеспейміз. Осы бір ғибратты сөз босағаның берік, шаңырақтың биік болуын, халық санының көбейіп, қоғам байлығының еселеп артуына тигізер ықпалы бар болғандықтан да отбасын шағын мемлекетке теңесе керек. Өкінішке қарай түрлі жағдайларға байланысты шаңырақтың шайқалып, бейкүнә сәбилердің жаутаңкөзге айналып жататын кездері де аз емес.

«Тәрбие тал бесіктен басталады» десек, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі еш уақытта қоғамды бейжәй қалдырған емес. Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетін әйелдер мен жас балалар. Заң тұрғысынан да бір қатар өзгерістер енгізілген. Отбасының шырқын бұзып, айқай-шу шығарғаны, қол жұмсағаны дәлелденген құжаттары болса, әкімшілік жазаға тартумен қатар, қамаққа алу қарастырылған. Балалар өз үйінде, мектепте және басқада қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұшырасып отырады. Алайда, осы кезге дейін қоғам бұл мәселеге зейін қойған емес. Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Зорлық-зомбылықтың үйде, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда жылы жабылып қалады, яғни мойындалмайды. Бұл отбасының басқа мүшелері сияқты қорғалу құқығы бар жаннан гөрі, ата-анасының меншігі ретінде қалыптасудың салдарынан болады. Дөрекілік, күш көрсету, адамның бағыт бағдарын өзгеру, зорлық-зомбылықтың дамуын және қылмыстық әрекетті тудырады. Нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсауға немесе бала тағдырының бұзылуна әкеліп соғады.

2020 жылдың 12 маусымында БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен қылмыстық іс қаралып, сот тергеу барысында анықталғандай, тұрғылықты мекен-жәйі жоқ азамат «Ж» деп те атауға татымайтын тұлға, өгей ұл-қызына бірнеше жылдар бойы зорлық зомбылық көрсетіп келген, яғни, көрінеу жас балаға қатысты күш қолданып және оны қолдану қатерін төндіріп, жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, бірнеше рет сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасаған.

Жоғарыда көрсетілген қылмыстық әрекет сексуалдық зорлық-зомбылық түрінде яғни, адамның жыныстық тиіспеушілігіне  немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер болып табылады.

Өкінішке орай, бүгінгі біздің қоғамда сексуалдық зорлық-зомбылықтан басқа, күш көрсету зорлық-зомбылығы, психологиялық зорлық-зомбылық, экономикалық зорлық-зомбылық түрлері белен алып, заман індетіне айналуда.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

бас маманы А.К. Ахонова

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив