Ата-аналық құқығынан шектеу

Ата-аналық құқығынан шектеу

          Ата-аналық құқығынан шектеу Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексінің 79-бабын басшылыққа алып жүргізіледі. Сот баланың мүддесін ескере отырып, баланы ата-аналардан оларды  ата-ана құқықтарынан айырмай алу жолымен ата-ана құқықтарын шектеу туралы шешім шығаруы мүмкін.

         Екі ата-анасы да  (некесіз туылған болса  анасы) ата-аналық құқығынан шектелсе, балаға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған деген әлеуметтік мәртебе беріледі. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа, партронаттық тәрбиеге немесе сәбилер үйі мен өмірлік  қиын жағдайға тап болған  кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылады.

         Егер ата-аналар өздеерінің мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан кейін алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап арыз беруге міндетті. (ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексі 79-бап, 2 бөлігі)

         Ата-аналық құқығынан шектеу туралы талап арызды қарау кезінде процеске прокурор мен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның өкілінің қатысуымен қаралады.

         Ата-аналық құқығынан шектелген ата-аналар балалар үшін алатын жеңілдіктр мен жәрдемақыларды ала алмайды. Алайда ата-аналық құқықтарынан шектелген ата-ана баласын күтіп-бағу жөніндегі міндеттерінен босатылмайды. Сот процесі кезінде сот ата-аналардан балаға алимент өндіріп алу туралы мәселені шешуге құқылы.

         Егер балаа теріс әсер етпесе, ата-аналық құқығынан шектелген ата-ана баласымен араласып тұруына рұқсат етіледі. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның не қорғаншысының немесе қамқоршысының баланың патронат тәрбиешілерінің немесе бала тұрып жатқан ұйым әкімшілігінің келісімімен ата-аналардың баламен қатынасуына жол беріледі.

         Ата-ана құқығын қалпына  келтіруге болады. Ол үшін ата-анасы сотқа арыз жазып, сот отырысында қаралады. Сот отырысына прокурор мен балалның құқығын қорғау органының өкілі міндетті түрде қатысуы тиіс. 

Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

әскери сотының бас маманы М.Аккузова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив