Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдерімен семинар өтті

Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдерімен семинар өтті

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бала асырап алу  және балалармен қатынасу уақытын анықтау туралы істер бойынша дауларды сотқа дейінгі реттеу тақырыбына семинар өткізілді.

Іс-шараға Орал қалалық және облыс аудандардағы білім беру бөлімдері мемлекеттік мекемесінің қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілдері, сондай-ақ ювеналды соттың судьялары қатысты.

Сот төрағасы Слуканым Кадралиева қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органдар өкілдерінің назарын осы санат бойынша түскен істердің саны көбейу, неке және отбасы заңнамасының нормаларын сақтау қажеттілігіне аударды, дауларды сотқа дейінгі реттеуді, талқыланатын мәселелердің өзектілігін және іс-шараның мақсаттары мен міндеттерін атап өтті.

Семинар барысында баламен қатынасу уақытын анықтау тәртібін анықтау, отбасылық дауларда медиацияны қолдану туралы даулар бойынша істерді қарауға байланысты мәселелер талқыланды.

Неке (ерлі-зайыптылық) және Отбасы кодексінің 73-бабының 3-тармағына сәйкес, ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртібі туралы жазбаша келісім жасауға құқылы екені, егер ата-аналар  шешімімен келіспеген жағдайда - сот осы органның және баланың ата-аналарының қатысуымен шешеді.

Бала асырап алу туралы азаматтық істерді қарау кезінде қорғаншы және қамқоршы органдардың қорытынды беру мәселелері де жан-жақты талқыланды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 313-ті, сот талқылауына дайындық кезінде де судья, баланың тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органдарды сотқа беруге міндеттейді, бала асырап алуға негіздеме және баланың мүдделеріне сәйкес келетіндігі туралы комиссия негізінде бала асырап алуға беруге рұқсат.

Бала асырап алу процесін ұйымдастырған кезде заңнама талаптарын қатаң сақтауға, бала асырап алу процесін оңтайландыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Семинар соңында қатысушылар сұрақтарына жауап алып, семинардың өзектілігін бағалады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив