Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы заңнаманы қолдану

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы заңнаманы қолдану

Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаттары әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да және өзге адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу болып табылады.

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату - сотталғандардың құқыққа бағынушылық және белсенді, қоғамға пайдалы мінез-құлқын ынталандыратын, оларды түзетуге және толыққанды азаматтардың қоғамға оралуына ықпал ететін қылмыстық заңнамаға енгізілген гуманизм көріністерінің бірі.

Сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхаттарын сотталғандардың жазасын өтеу орны бойынша соттар қарайды және түзеу мекемесінің әкімшілігі арқылы, яғни ҚР ҚАК-нің 169-бабының 1-1, 3, 9-тармақтарында жазылған осы өтінішхаттармен жұмыс істеу тәртібіне сәйкес беріледі.

Түзеу мекемесінің әкімшілігі белгіленген мерзімде сотталған адамның өтінішхатын сотқа жібереді, бұл ретте оған сипаттайтын материалды және одан әрі түзеу үшін сотталған адамның сот тағайындаған жазаны толық өтеуін қажет етпейтінін куәландыратын ақпарат, залалды өтеу туралы мәліметтер, процестік шығындар және басқа да мәліметтер қамтылуы тиіс шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі туралы қорытындыны ұсынады.

Сотталған адамның мінез-құлқын бағалау кезінде соттар: оның ішкі тәртіптеме қағидаларын сақтауын, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі (бұдан әрі-мекеме) әкімшілігінің талаптарын орындауын, тәрбиелік сипаттағы іс-шараларға және мекеменің қоғамдық өміріне қатысуын, көтермелеуін, жазаларын, туыстарымен және сотталғандармен қарым-қатынаста болуын, оқуға оң немесе теріс көзқарасын, залалды өтеуді, жеңілдетілген жағдайларға ауыстыруды және сотталған адамның түзелгенін куәландыратын басқа да мән-жайларды ескеруге тиіс.

Соттың сотталған адамды түзеу туралы қорытындысы оның мінез-құлқы туралы деректерді өтінішхатты тікелей қараудың алдындағы уақыт үшін ғана емес, үкім шығарылғанға дейін күзетпен ұстау уақытын қоса алғанда, мекемеде болған бүкіл кезең үшін де жан-жақты есепке алуға негізделуі тиіс.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені шешу кезінде соттар жеке көзқарасты қамтамасыз етуге және әрбір нақты жағдайда өтінішхатта және өзге де материалдарда қамтылған мәліметтердің жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату және тағайындалған жазаны неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру үшін жеткілікті екендігін анықтауға, яғни сотталған адамның мінез-құлқындағы оң өзгерістерді бағалауға тиіс.

ҚК-нің 72-бабына сәйкес сотталған адам жазаның белгілі бір бөлігін іс жүзінде өтеген, оның мөлшері қылмыстың санатына байланысты болатын және 1) адамның түзелуі үшін тағайындалған жазаны толық өтеуі қажет етілмейді деп танитын болса, 2 ) қылмысымен келтірілген залалды толық өтеген және ол жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату қолдануы мүмкін.

 Сотталған адам:

- онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн;

- ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын;

- аса ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екісiн;

- егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші осы баптың жетінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер бойынша жойылған жағдайда, жазаның қалған өтелмеген мерзімінің кемінде үштен екісін;

- егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші осы баптың жетінші бөлігінің 3) тармағында көзделген негіздер бойынша жойылған болса, жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін іс жүзінде өтегеннен кейін;

- сотталған адам процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда, ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін не аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын іс жүзінде өтегеннен кейін ғана шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату қолданылуы мүмкін.

Қылмыстың ауырлығына қарамастан іс жүзінде өтелген мерзім алты айдан кем болмауға тиіс, алайда бұл талап жазаның өзге түрлеріне қолданылмайды. Сот үкімі бойынша өмір бойы бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамдар үшін одан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі қаралатын нақты өтелген мерзім жиырма бес жылдан кем болмауға тиіс.  Сот тағайындаған өмір бойы бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адам процестік келісімнің барлық шарттарын орындаған жағдайда, ол кемінде он бес жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.

Сонымен қатар, шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені шеше отырып, сот қосымша жазаны өтеуден толық немесе ішінара босата алады.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдай отырып, сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға белгілі бір міндеттерді жүктей алады: сотталғанның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органға немесе әскери бөлімдер мен мекемелер қолбасшылығына әскери қызметшілерге қатысты хабарламай тұрақты тұратын, жұмыс істейтін, оқитын жерін ауыстырмау, белгілі бір жерлерге бармау, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, соз ауруынан немесе АИТВ/ЖИТС-тен емделу курсынан өту, отбасына материалдық қолдауды жүзеге асыру.

Мерзімінен бұрын шартты түрде босату қолданылмайтын адамдар санатына қатысты 2020 жылғы желтоқсанда өзгерістер енгізілді. Сондықтан шартты түрде мерзімінен бұрын босату:

- өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған;

- адамдардың қаза табуына алып келген не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс үшін сотталған;

- ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер жасаған жағдайларды; ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған сотталғандарды қоспағанда, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін сотталған;

- кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адам он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайды қоспағанда, осындай қылмыс үшін сотталған адамдарға қолданылмайды.

Аталған өзгерістер Мемлекет Басшысының тапсырмаларын, оның ішінде 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңы шеңберінде енгізілген және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мынадай заңнамалық өзгерістер көзделген.

Сотталған жемқорлар үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салынды. ҚК-нің 72-бабына енгізілген түзетулерге сәйкес шартты түрде мерзімінен бұрын босату ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған адамдарға қолданылмайды.  Ерекшелікті тек екі жағдай құрайды:

- мұндай қылмыстарды әлеуметтік осал азаматтардың жасауы (жүктi әйелдер, үш жасқа дейiнгi жас балалары бар әйелдер, үш жасқа дейiнгi жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, 58 жастағы және ол жастан асқан әйелдер, 63 жастағы және ол жастан асқан еркектер, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер);

- ынтымақтастық туралы процестік келісімінің барлық шарттарын орындаған сотталғандардың осындай қылмыстар жасауы.

Залалды өтеу және бас бостандығынан айыру орындарында жазалар болмаған жағдайда азаматтардың аталған санаттары 

- ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын;

- аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екісiн іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.

Жоғарыда аталған әлеуметтік осал санаттағы азаматтар бұрын қолданылған нормалар бойынша ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жаза мерзімінің кемінде үштен бірін және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жаза мерзімінің кемінде жартысын өтей отырып, ШТМББ-ға үміткер бола алатынын атап өткен жөн.

Яғни, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік, тіпті әлеуметтік осал топтар үшін де Заңмен күшейтілді.

Заңда ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық шарттары орындалған жағдайда, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға қатысты ШТМББ-ны қолдануға жол беретін норма көзделген.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тарту ұсынысты қайта енгізу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Ол бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап кемінде алты ай өткен соң, ал өмір бойы бас бостандығынан айыруды өтеп жүрген адамдар үшін кемінде үш жылдан кейін орын алуы мүмкін.

Кеменгер Имашев 

Нұр-Сұлтан қаласы

Байқоныр ауданының №2 сотының төрағасы             

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

  1. аватар
    Ramiro 8 февраля 2024 19:34

    I believe everything posted made a bunch of sense. But, what about this?
    what if you typed a catchier title? I am not suggesting
    your information is not solid, but suppose you added something that grabbed people's attention? I
    mean Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы заңнаманы қолдану » Infozakon is a little boring.

    You might look at Yahoo's front page and see how they write
    article headlines to grab people to click.
    You might try adding a video or a related picture or two
    to grab people interested about everything've written. In my opinion, it
    might bring your blog a little bit more interesting.



    Look at my page: pharmacie en ligne Espagne evista 60 mg vente

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив