Қазақтың болашағы – қазақ тілінде!

Қазақтың болашағы – қазақ тілінде!

 

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» - Қадыр ақын. 

Мемлекеттік тілді білу, оны жетік меңгеру – уақыт талабы.

Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Ол – тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің бірі.

Әр ұлт өз тілін сүйіп, құрметтейтін болса, оның елі әлемдік құрметке бөленіп, елдің дәулеті шарықтайды. Ана тілімізді біліп тұрып, басқа тілді білген әрине жақсы, қазіргі заман талабына сай, қанша тілді игерсең де өз еркің. Ана тілін игеру әр отбасынан басталады, үйде ата-анасы сәбиге қай тілде сөйлесе, сол тілді бала тез алып кетеді.

Балабақша жасындағы балалардың тіліне орысша араласа бастауы елімізде орыс тіліндегі шетелдік анимациялық фильмдердің көптігі мен өз өнімдеріміздің аздығының кесірі екені анық. Сондықтан шетелдің үздік анимациялық фильмдерін қазақшаға аудару керек. Жас бала мультфильмді қай тілде тамашаласа, сол тілде мультфильм кейіпкерлерінің сөздерін қайталайды, әндері мен билерін, тақпақтарын жаттап алады. Мұны өзіміз де көріп, естіп жүрміз.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралар ұйымдастырылуда. Нәтижелері де аз емес.

Тілді қайтадан жаңғырту - өз ішімізде еліміздің мәртебесін жоғарыға асқақтату. Бұл үшін еліміздегі тек білім саласы емес, барлық сала көз жұмып қарамай бір кісідей ат салысуға тиісті. Себебі, конституцияда көрсетілгендей Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Бұл жерде ешқандай да орыс тілі, немесе ағылшын тілі деп жазылмаған. Әр мемлекет өз тілінде сөйлейді, ендеше біз де солай істеуге тиістіміз.

Әр ұлттың өз ана тілі бар. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр адамның өз тіліне деген құрметін Отанына деген құрмет деп білу керек. Тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді баянды етер басты қарумыз да туған тіл. Ең бастысы, тіл жанашыры деген ұғым – тіл білу, тілге құрмет деген түсініктің аясынан әлдеқайда ауқымды.

Ұлт болған жерде тіл, тіл болған жерде оның мәселесі де болады. Қазақ тілінің мәселесі өткен ғасырдың басынан бері қозғалып келеді.

Өз ұлтын, өз тілін сүймеген, өз ұлтын қадірлемеген адам басқаны да қадірлеп жарытпайды. Бүгінгі таңда басқа тілде сөйлеп, жетік біліп тұрып, өз ана тілімізді білмесек, ұлт ретінде бар екенімізді білдіртпесек, онда мемлекетіміздің болашағы күмән туғызатын мәселеге айналуы мүмкін. Өзге ұлттар арасында да бізді ұлт ретінде санайтындар азаяды. Орыс, ағылшын тілін біл, бірақ ана тіліміз олардан биік, жоғары тұруы тиіс. Тіл мәселесін шешетін уақыт болды. Оның кілті өз қолымызда. Әркім өзінен бастасын. Мысалы, үйде әжелер өз немерелерімен өз ана тілінде сөйлессін.

Бүгінгі жас ұрпақ – мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы. Ал, оның бақытқа жетер даңғыл жолы – туған Отанын, туған тілін сүюден басталады.

Адам баласы дүниеге келіп, есі кіре бастағаннан-ақ адамдық қасиеттерді қалыптастыратын әдептілікті, ізгілік пен ізеттілікке толы халықтың нұрлы, асыл сөздерін, тілдің жан тербетер әсер күшін ана тілінде ұғып үйренеді. Қазақ тілі – қазақ халқы үшін әдебиет, мәдениет, ғылым мен білім тілі, оқу-ағарту тілі, түрлі іс қағаздарының тілі. Қазақ тілі – өте бай көркем тілдердің бірі. Қазақ тілін оқып, дұрыс игеру –тіл мәдениетін меңгерудің жолы. Тіл мәдениеті тіл ұстартудың бір түрі. Қазақтың Қазақстаннан басқа жерде Отаны жоқ.

Кез келген қазақ топырағынан өсіп өнген әрбір азаматтың перзенттік парызы тілге деген құрметтен басталуы керек. Тілді білу, меңгеру отбасынан, балабақша мен мектептен бастау алуы қажет. Тілмен бірге дұрыс тәрбие берілуі тиіс.

Қазіргі кезде жұмысымыздың көпшілігі компьютермен атқарылады. Сондықтан, қазақ тілінде компьютерлік бағдарламалар көбейтілсе. Бұл жағдай да қазақ тілі жанашырларын ойландырып жүрген мәселе.

Тағы бір ойландыратын мәселе жастардың мәдениетті сөйлеуі. Мәдениетті сөйлеп, бір-бірімен қарым-қатынас жасау үшін бірден-бір көмек – кітап оқу. Ол үшін баланы балабақшадан бастап кітапты ұстап, құрметтеуге үйрету қажет. 

Мустафина Бота Сериковна

БҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы

                                                                                  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив