Тілге деген жанашырлық төмендемесін

Тілге деген жанашырлық төмендемесін

«Қазақ тілі-Қазақстан халқын біріктіретін тіл»-деп Елбасы атап көрсеткен. Әр ұлт өз тілін сүйіп, құрметтетейтін болса, оның елі әлемдік құрметке бөленіп,елдің  дәулеті шарықтайды. 

Қазақ халқы жаңа заман талабына сай тіршілік етіп жатқанына қуанамыз. Өйткені араласып жүрген ортамыздың көбі – қазақ, бірақ қазақшасы ақсап жатқан қазақпыз. Көпке топырақ шашуға болама? Амалсыздан қазақ пен қазақ орысша сөйлесеміз. Себебі оның бірі екі тілді де жақсы біледі, ал онымен сөйлесіп отырған адам – тек қана орысша білетін және қазақшаны түсінбейтін қазақ. Содан қазақ және орыс тілдерін еркін меңгергені еріктен тыс қазақша білмейтін қазақпен орысша сөйлесуге мәжбүр болады. Ал басқа ұлт өкілдерімен ойланбастан тек қана орысша сөйлесеміз. Себебі біз өзіміз орысша сөйлей білетінімізді көрсеткіміз келеді де орысша сөйлеген адамға жанталаса орысша жауап беруге дайын тұрамыз.

         Ана тілімізді біліп тұрып, басқа тілді білген әрине жақсы, қазіргі заман талабына сай, қанша тілді игерсеңде өз еркің. Ана тілін игеру әр отбасынан басталады, үйде ата-анасы сәбиге қай тілде сөйлесе ,сол тілді бала тез алып кетеді.  Әрбір қазақ өз отбасын қырғидай қорғайтыны рас. «Мынау менікі!» деп өз затын, өзінің үлесін ешкімнің уысында кетпеуіне күш салатыны рас. Ендеше неге өз тілін, дінін солай қорғамасқа?

        Қазақтың тілі өткірде, бай тіл, тарихта  ата –бабаларымыз сөздің, тілдің сөйлеу шеберлігімен келген жауға қазатың жалпақ тілімен  жауап қайтарғандығын ұмытпаған жөн.  

         «Я не понимаю казахский язык» деп өз ана тілі туралы жиіркенішпен айтып тұратын қазақтардан қорқамын. Сол сөзді ұялмай айтатындардың жас ерекшеліктері де әр түрлі. Ендеше жасы үлкен аға-апаларымыз үйлерінде балаларына қасиетті тілі туралы нені әңгімелейді екен? Мысалы мектепте баласына не немересіне ана тілі туралы шығарма жазып келіңдер деп тапсырма береді. Сонда ол баласына қандай көмек көрсете алады екен деп ойлаймын. Ана тілі туралы патриоттық сезімін білдіре алмай қысылмайды ма екен деп солар үшін қынжыламын.

Әр ұлттың өз ана тілі бар. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр адамның өз тіліне деген құрметін, Отанына деген құрмет деп білу керек. Тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді баянды етер басты  қарумыз да туған тіл.

Ең бастысы, тіл жанашыры деген ұғым – тіл білу, тілге құрмет деген түсініктің аясынан әлдеқайда ауқымды.

Жанашырлық дегеніміз – үйрету мен үйрену. Сондықтан, қазақ тілінде еркін сөйлей білетін азаматтарды ғана емес, осы тілді үйренсем, білсем деген жандарды да ынталандыруымыз қажет.

Ұрпағымыздың алдында ұялмайын деп біз үшін жанын қиып, ұлтын, ұлттық дәстүрін, ұлт тілін сақтап келген бабаларымыздың аруағының алдында біздің бүгінгі тілге көрсетіп отырған «құрметіміз» - кешірілмес күнәмен тең. Егер кеудемізде титтей де намыстың ұшқыны бар болатын болса тіліміздің тіршілігі үшін күресейік.

Бүгінгі жас ұрпақ – мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы. Ал, оның бақытқа жетер даңғыл жолы – туған Отанын, туған тілін сүюден басталады. 

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық соты кеңсесінің аға сот приставы Қ.Молдағалиев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив