Сот кабинетінің жүйесінің тиімділігі мен қолайлығы.

Сот кабинетінің жүйесінің тиімділігі мен қолайлығы.

Әр азаматтың бұрынғы кезде сотқа құжаттарды жинау үшін бірталай мекемелерді аралап, апталап сандалатын жағдайларды жиі кездескен. Қазіргі таңда ол сенгісіз нәрсе болып отыр, өйткені, бүгінгі күні азаматтардың көпшілігі «Сот кабинетін» қолданып отыр. 

Сот кабинетіне кіру үшін міндетті түрде электронды ЭЦҚ кілті болуы қажет. Сот кабинетіне ЭЦҚ кілтімен тіркеліп кіріп, «авторизациялау» рәсімінен өткеннен кейін пайдаланушы «іс бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, сот актілерінің көшірмелерін сұрату,атқару парағын беру туралы арыздар, басқа да өтініштер бере алады.

      Сот кабинеті электрондық өзара іс-қимыл, сондай-ақ сот органдарының жеделділігі, қолжетімділігі мен ашықтығы арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдетуге арналған.

Сот кабинеті сервисі біртіндеп қағаз құжат айналымынан бас тартуға, ол өз кезегінде соттарда электрондық сот ісін жүргізудің жаңа сатысына көшуге мүмкіндік береді.

        «Сот кабинеті» сервисін іске қосқан сәттен бастап оның мүмкіндіктері тиісті түрде бағаланды: сервисті халық кең пайдалануда және адвокаттар мен кәсіпкерлердің тиімді жұмысына көмектесуге, азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіруге және өздерінің  конституциялық құқықтарын қорғауға ықпал етеді.

      Сот кабинеті сервисінің қағаз түрінен ерекшелігі электрондық нысанда талап арыздарды, сот хаттамасын беру туралы арызды, хаттамаға ескерту-арызды беруге, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық қадағалау іс жүргізуіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ пайдаланушыға ыңғайлы кез-келген орындағы интернет желісі арқылы мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге берілген мүмкіндік болып табылады.

     Сот кабинеті - бұл сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтерін қолдануға мүмкіндік беретін біртұтас терезе, ол арқылы азаматтар, олардың өкілдері немесе адвокаттары ғаламтордың көмегімен өтініштері мен арыздарын электронды түрде жібере алады. Сонымен бірге, мелекеттік бажды онлайн режимінде төлеу, сот құжаттарын қарау, істің тарихымен танысу мүмкіндіктері де қарастырылған. Жаңадан енгізілген аталмыш қызмет түрлері мүдделі тұлғаларға істің қаралу мерзімдерін бақылап отыруға пайдасын тигізеді.

Сот ісін жүргізуді жеңілдету және қарапайым азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында  ашылған Сот кабинеті – қызметінің игілігін бүгінде талай адам көріп отыр. Еліміздің кез келген азаматы немесе оның адвокат тұлғасындағы өкілі өзіне ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ ғаламтор арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады тіпті сот актісін басып шығара алды.

Аталмыш қызметтің пайдасын сезінгендіктен бүгінде оны қолданушылардың саны артқан. Тек «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан алдын ала электронды цифрлы қолтаңба алып алса болғаны. Қазіргі таңда кез келген сатыдағы азаматтық, қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге байланысты кез келген тараптардан келіп түскен талап арыздар өз кезегінде әрбір судьяларға база арқылы автоматты түрде әр санат бойынша бөлінеді.

 Электронды жүйе арқылы істерді автоматты бөлудің бірден бір мақсаты- талап арыз берген тараптардың істі қарау барысында автоматты түрде бөлінген судьяларды білмеуі, соған сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оны  жою болып табылады. Істі өз өндіріне қабылдаған соң судья іс бойынша шығарған әрбір сот актісін «Төрелік» АЖ-не енгізеді, ал тараптар «Сот кабинеті» сервисі арқылы осы сот актілерімен үйлерінде  отырып-ақ таныса алады. Кіріс кеңсесі әрбір келіп түсетін кіріс құжаттарын ең алдымен АПК-нің талаптарына сай келуін тексереді, яғни талапқа сай келмейтін қіріс құжаттар кемшіліктерін жою үшін қайтарылады.  Кіріс құжаттарының заң талаптарына сай рәсімделуі маңызды рөл атқарады,  соның ішінде талап-арыздардың АПК-нің 148-нің бабының талаптарын сақтап рәсімделуіне кіріс құжатты қабылдау кезінде кеңсе мамандары басты көңіл аударады.  

Халыққа тағы да айта кетерлік жайт, ғаламторды еркін меңгере алатын азаматтарға, «Сот кабинеті» сервисін түсінудің еш қиындығы жоқ, бұл сервис әлдеқайда уақытыңызды үнемдеп, тез арада жұмыстарыңызды бітіруге көмегін тигізеді.  Ол бұл күні сот жүйесіндегі үлкен жетістіктердің бірі болып саналады. 

Ж.М.Молдашева 

БҚО МАЭС-ның бас маман-сот мәжілісінің хатшысы                                                                         

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив