СІМ-де Мемлекет басшысының Берлинге жасаған сапарынан кейінгі келісімдердің орындалу барысы талқыланды

СІМ-де Мемлекет басшысының Берлинге жасаған сапарынан кейінгі келісімдердің орындалу барысы талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан Германия үкіметінің Ресеймен, Орталық Азиямен және «Шығыс серіктестігі» елдерімен ынтымақтастық жөніндегі үйлестірушісі, Германия Бундестагының депутаты Дирк Виземен келіссөздер өткізді.

Тараптар 2019 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ өңіраралық деңгейдегі ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-саттық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара дайын екендігі атап өтілді.

М.Баймұхан Мемлекет басшысының алғашқы еуропалық сапары жалпы құны 2,4 млрд. АҚШ долларын құрайтын коммерциялық келісімдер жасауға мүмкіндік бергенін атап өтті. Қазақстандық дипломат неміс тарапын ЕО мемлекеттері деңгейінде Қазақстанға визалық режимді жеңілдету мәселесін қолдауға шақырып, бұл экономикалық, білім беру және мәдени салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі жандандыра түсуге өзара ықпал ететінін атап өтті.

Өз кезегінде Д.Визе ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың ресми сапары қазақстандық-неміс әріптестігін тереңдетуге өзара қызығушылықтың бар екенін көрсеткенін хабарлады. Неміс дипломаты «Біз қазіргі таңда Қазақстанда іске асып жатқан реформаларды қолдаймыз және оларды жүзеге асыруға қолғабыс жасауғы дайынбыз», - деді.

Талқылау барысында екіжақты қатынастардағы маңызды сұрақтардың арасында гуманитарлық мәселелер де болды. Тараптар екі ел арасындағы «достық көпірі» болып табылатын Қазақстандағы неміс диаспорасы және ГФР-дағы бұрынғы қазақстандықтардың үлкен қауымы болуына орай қазақстандық-неміс әріптестігі аса маңызға ие екендігін растады. Екі елдің үкіметтері өз азаматтарына мүмкіндігінше қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстар жасауда.

Тараптар көпқырлы әріптестікті дамытуды жалғастыру мақсатында қалыптасқан байланыстар динамикасын ілгері жылжытуға келісті.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив