Қазақстан делегациясы «Неміс өнеркәсібі күні-2019» іс-шарасына қатысты

Қазақстан делегациясы «Неміс өнеркәсібі күні-2019» іс-шарасына қатысты

Неміс тарапының шақыруы бойынша ҚР Президенті Кеңсесінің Бастығы Нұрлан Онжанов, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев және Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нусiпов қатысқан қазақстандық делегация Германия өнеркәсібі Федералды одағы (BDI) жыл сайын ұйымдастыратын Неміс өнеркәсібі күніне (TDI) қатысты.

Германия өнеркәсібі күні жаһандық экономикалық даму, әлемдік экономика мен сауда құрылымындағы өзгерістер, бәсекелестік түйіткілдері, инвестиция тарту мен аймақтық дамудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаң болып табылады. Іскерлік сессиялар барысында қатысушылар инновациялық даму, экономика салаларын цифрландыру, ұтқырлық, ғылымдағы халықаралық өзара әрекет, денсаулық сақтау саласын цифрландыру, сондай-ақ Еуропалық одақтың даму перспективаларын талқыланды. Одан басқа «Брексит», Еуропадағы парламент сайлауы және АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда жанжалы сияқты маңызды тақырыптар қозғалады.

Іс-шараға шақырылған 1,5 мың қонақтың қатарында жоғары шенді қоғамдық-саяси қайраткерлер, алдыңғы қатарлы өнеркәсіп корпорацияларының басшылары және БАҚ өкілдері болды.

Шараның салтанатты ашылуында ГФР Федералды канцлері Ангела Меркель және неміс өнеркәсібі Федералды бірлестігінің (BDI) Президенті Дитер Кемпф сөз алды. Пленарлы отырыстарда сондай-ақ ГФР экономика және энергетика Федералды министрі Петер Альтмайер, Эстония Президенті Керсти Кальюлайд, Франция экономика және қаржы Министрі Бруно Ле Мэр сөз сөйледі.

А.Меркель іс-шарада сөйлеген сөзінде қазіргі заманғы жаһандық сын-тегеуріндерден өту мақсатында жаңа, стандартты емес шешімдерді іздеудің маңыздылығын атап айтты. Ол сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымының әлемдік сауданың басты реттеушісі ретіндегі жұмысын жетілдіру мен өзара саудадағы кедергілердің жақын уақытта алыну қажеттігіне баса мән берді.

Іс-шара алаңында Н.Онжанов Германия экономикасының жоғары шенді өкілдерімен, атап айтқанда, Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарушы директоры М.Хармспен және Германия өнеркәсібі Федералды одағы Басқармасының мүшесі – шикізат саясаты жөніндегі Комитет төрағасы Г.-Й. Вельшпен кездесулер өткізді.

Берлинге сапары аясында Н.Онжанов ГФР экономика және энергетика Федералды министрлігінің Парламенттік статс-хатшысы Т.Барайспен, ГФР СІМ Саяси директоры Й.Плётнер, ГРФ мен ҚР арасындағы ынтымақтастық жөніндегі топ құрамындағы ГФР Бундестагының депутаттарымен, сондай-ақ ҚР-мен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі неміс компанияларының басшылармен кездесті. Кездесулер барысында ҚР-дағы инвестициялық климатты жақсарту, Қазақстан экономикасына неміс инвестициясы мен алдыңғы қатарлы технологиясын тарту, бірлескен кәсіпорындар құру және экономиканың түрлі саласында инновациялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ Н.Онжанов Христиан-демократиялық одағы тарапынан Германия экономикасы күніне қатысты. Іс-шара барысында ХДО партия көшбасшыларымен, мемлекеттік билік федералды органдарының басшылары және неміс компанияларымен, сондай-ақ ГФР федералды жерлерінің басшыларымен кездесті.

Неміс өнеркәсібінің Федералды одағы (BDI) 8 млн-ға жуық адам жұмыс істейтін 40 салалық қауымдастық пен 100 мыңнан астам компания үшін басты ұйым болып табылады. BDI ГФР мен шет елдерде неміс компанияларының саяси-экономикалық мүдделеріне өкілдік етеді.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив