Астана мен Берлин ынтымақтастықтың  стратегиялық сипатын растады

Астана мен Берлин ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын растады

Германияға жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Германия Сыртқы істерінің мемлекеттік министрі Нильс Анненмен және ГФР Федералды үкіметінің жаһандық мәселелер (БҰҰ) және қарусыздандыру мен таратпау жөніндегі Өкілі міндетін атқарушы Рюдигер Бонмен өткізген кездесулері барысында Қазақстан-Герман қарым-қатынасы күн тәртібіндегі екіжақты және көпжақты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу барысында ҚР Президентінің жаһандық қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету, соның ішінде Астанада Ресей, ҚХР, ЕО және АҚШ көшбасшыларының халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін саммит ұйымдастыру туралы жақында ұсынылған бастамасы қарастырылды. Тараптардың пікірінше, 2017-2018 жж. кезеңіндегі Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз мүшесі ретіндегі қызметі, сондай-ақ Германияның аталған маңызды халықаралық органдағы 2019-2020 жж. алдағы қызметі бұл мәселедегі тікелей қатысы бар басымдық болуы мүмкін.

Қазақстандық дипломат неміс тарапын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз мүшесі ретінде сайлануымен құттықтады және аталған орган аясында екі елдің басымдықтарын жүзеге асыруда тараптардың тығыз өзара әрекетін атап айтты. Неміс тарапы өз кезегінде осы лауазымға Германия кандидатурасын қолдағаны үшін Қазақстанға алғыс білдірді және халықаралық ұйым аясындағы тығыз қарым-қатынасты жалғастыруға дайын екендігін растады.

2019 жылы қабылдануы күтілетін ЕО-ның Орталық Азиямен ынтымақтастығы жөніндегі жаңа Стратегиясы туралы айта келе, тараптар аймақтың ірі әлемдік нарықтары арасындағы стратегиялық көпір ретіндегі рөлі және аймақаралық қарым-қатынастарды ары қарай нығайту қажеттігі туралы бірдей пікірге келісті.

ГФР СІМ басшылығымен кездесу барысында сондай-ақ екіжақты стратегиялық ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды, бұл ретте тараптар Қазақстан мне Германия арасындағы сенімді саяси диалог және табысты сауда-экономикалық өзара қарым-қатынастың орнатылғанын айтты. Н. Аннен жақында Астанаға жасаған жұмыс сапары қорытындысын жоғары бағалады. Сапар барысында ол ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов және ҚР Президентінің көмекшісі Нұрлан Онжановпен экономика мен саясат саласындағы маңызды тақырыптар жөнінде келіссөздер жүргізді.

Қазақстандық дипломат өз кезегінде Н. Аннен мырзаны бір апта бұрын неміс астанасында өткен Қазақстан-Герман іскерлік кеңесі отырысының табысты нәтижелері туралы хабардар етті. Р. Василенконың айтуынша, жасыл экономика, цифрландыру және ауыл шаруашылығы өндірісі салаларында серіктес болып табылатын Қазақстан мен Германия үшін қаржы саласында, соның ішінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығымен өзара әрекеттестік әлеуетін белсенді түрде арттыру тиімді болар еді.

Германия – Қазақстанның ірі сауда-экономикалық серіктесі болып табылады. 2017 жылы екіжақты сауда айналымы 4,856 млрд. еуроны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 21,8 %-ға артқандығын көрсетсе, ағымдағы жылдың соңғы алты айында бұл көрсеткіш 2,885 млрд. долларды құрап, өсудің жалғасуын көрсетеді. 2005-2017 жылдар аралығында неміс компаниялары Қазақстанға 4,231 млрд. доллар инвестиция салды, оның 90 % экономиканың шикізаттық емес секторына бағытталған.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив