Қазақстан - Жапония: жаңа инвестициялық мүмкіндіктер

Қазақстан - Жапония: жаңа инвестициялық мүмкіндіктер

Ағымдағы жылғы 1-2 тамыз аралығында қазақстандық делегацияның Токио қаласына сапары өтті.

Сапар барысында жапондық «Sumitomo», «Marubeni», «Nippon Express», «Hitachi Construction Machinery», «Chiyoda Technol», «Sumitomo Mitsui Banking Corporation», «Sojitz», «Terra Drone», «JOGMEC», «Nikke Group» сияқты компаниялар мен ұйымдардың басшыларымен бөлек кездесулер өткізілді.

Кездесулер барысында Қазақстанда машина жасау, энергетика, ауыл шаруашылығы, логистика, мұнай химиясы, жеңіл өнеркәсіп, робототехника және ақпараттық коммуникациялық технологиялар  салаларында жүзеге асырылып жатқан және әлеуетті бірлескен жобалар талқыланды.

Қазақстандық тарап жапондық компанияларға еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсарту және инвесторлар үшін мүмкіндіктерді кеңейту бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

         Жапондық инвесторлар Қазақстанның экономикасына инвестиция салуға қызығушылық танытып, мемлекетіміздегі ағымдағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы хабарлады.

Мәселен, әлемдегі төртінші ірі логистикалық «Nippon Express» компаниясы ағымдағы жылғы тамызда Қазақстанда өзінің Орталық Азиядағы өкілдігінің ресми ашылғанын атап өтті. Қазақстанда 2004 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Hitachi Construction Machinery» компаниясы тау-кен техникасына қызмет көрсететін аймақтық орталығын құру үстінде. «JOGMEC» мұнай, газ және металл жөніндегі ұлттық корпорациясы сирек кездесетін жер металдарды өңдеу технологияларын дамыту саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті. Жапонияның ірі «Sumitomo Mitsui Banking Corporation» банкінің басшылығы «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингімен бірлесіп ашылған несиелік желіні мүмкіндігінше белсенді түрде пайдалануды ұсынды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 2 тамызда қазақстандық делегацияны басқарған Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың Жапонияның Сыртқы істер министрлігінің Парламенттік вице-министрі Кэнджи Ямадамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Жапония тарапы Қазақстанның екі ел арасындағы инвестициялық өзара әрекеттестікті кеңейту жөніндегі бастамаларын қолдауға дайын екендігін мәлімдеді.

Делегация құрамында Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің, Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның өкілдері болды.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз хабарламасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Chara 6 февраля 2024 18:59

    Hey there are using Wordpress for your blog platform? I'm new to the blog world but I'm trying to get started and create my own. Do you require any html coding knowledge
    to make your own blog? Any help would be really appreciated!



    Here is my blog; adapalene
    op recept

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив