Астанада ЕҚЫҰ-ның адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық симуляциялық тренингі өтуде

Астанада ЕҚЫҰ-ның адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық симуляциялық тренингі өтуде

АСТАНА, 2018 жылғы 27 қыркүйек– Астанада 24-28 қыркүйек аралығында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) «Көші-қон маршруттарында адам саудасымен күрес» тақырыбына халықаралық симуляциялық тренингі өтуде. Іс-шара Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы жаһандық қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл жөніндегі Өңірлік хабы базасында өтуде.

         Ашылу салтанатына Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин, Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов, Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Станислав Василенко, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы офисінің басшысы Дьердь Сабо, бұрынғы Арнайы өкіл – ЕҚЫҰ-ның адам саудасына қарсы күрес жөніндегі үйлестірушісі Мадина Жарбосынова, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ерғали Мерзадинов және ЕҚЫҰ-ның 14 мүше-мемлекеттерінен бірқатар жоғары деңгейлі сарапшылар қатысты.

Үш оқыту блогынан тұратын тренингте 500-ден астам адам, соның ішінде бірқатар елдердің құқық қорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, әлеуметтік қызметтердің өкілдері, қаржылық және еңбек инспекторлары, психологтар қатысуда.

Аталған іс-шараның өткізілуі еліміздің мүдделі мемлекеттік органдарының, соның ішінде Бас прокуратурасының, Құқық қорғау органдарының академиясының, Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдардағы Тұрақты өкілдігінің, ЕҚЫҰ Хатшылығының, Арнайы өкілдік кеңсесінің және Адам саудасымен күрес жөніндегі ЕҚЫҰ үйлестірушісінің жемісті және тығыз жұмысының нәтижесі болды.

Тренинг адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында жаңа білім алуға және халықаралық және аймақтық деңгейлерде ведомствоаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, жоба адам саудасына қарсы тұру үшін ЕҚЫҰ аймағында орыс тілінде алғашқы оқу жаттығулары болды.

         Өз мәнінде бірінші симуляциялық тренингті ұйымдастыру Қазақстанның көші-қон маршруттарында адам саудасынан жапа шеккендерді анықтау процессіне өз үлесін қосу талпынысын көрсетуде.

«Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан, демократиялық және құқықтық мемлекетті құру жолына түсті. Мұнда адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы жоғары құндылық ретінде танылып, мемлекетпен қорғалуда. Бүгінгі таңда республика 13 жаңа халықаралық конвенциялардың, қазіргі заманғы құлдықтың заманауи формаларына қарсы іс-қимылдармен тікелей байланысты келісімшарттар мен келісімдердің қатысушысы болып табылады. Біз тиісті жауапкершілікпен оларды іске асыруға, сондай-ақ барлық қарастырылған міндеттемелерді орындауға тырысамыз. Енді Орталық Азияда, осы маңызды халықаралық іс-шараны өткізу адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында сарапшылардың құзыреттілігін арттыруға жәрдемдесетіні сөзсіз анық», - деді С.Василенко өз баяндамасында.

Алғаш рет ұқсас тренинг ЕҚЫҰ-мен Италияда 2016 жылы ағылшын тілінде ұйымдастырылды.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз хабарламасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив