Қазақстан Газа секторындағы зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырады

Қазақстан Газа секторындағы зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырады

НЬЮ-ЙОРК, 2018 жылғы 15 мамыр - Қазақстан делегациясы күн тәртібіндегі «Таяу Шығыстағы жағдай, соның ішінде Палестина мәселесі» тармағына сәйкес БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төтенше сессиясына қатысты.

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өз сөзінде Қазақстан Республикасы Израиль Мемлекеті мен Газа секторы шекарасында палестиналықтардың наразылық шеруін басуға байланысты бейбіт тұрғындар арасындағы құрбандар туралы хабарды терең алаңдаушылықпен қабылдағандығын атап өтті.

«Қазақстан Республикасы халықаралық қоғамдастықты көптеген құрбандыққа алып келген зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуға бағытталған жан-жақты шараларды қабылдауға шақырады», - деп мәлімдеді Қ. Омаров.

Қазақстан, сонымен қатар,  екі тарапты бейбітшілік күш-жегерлерді бұзатын және  палестиналықтар мен израильдіктер арасындағы шиеленісті одан әрі ушықтыруға ықпал етуі мүмкін іс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында сабырлық пен ұстамдылыққа шақырды. Сондай-ақ, қол жеткізілген халықаралық келісімдерге сәйкес тараптарға Иерусалимнің тарихи статус-квосын сақтау туралы үндеу айтылды. Тұрақты өкіл өз сөзінде «Қазақстан Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеясының шешімдері мен қарарларына қатысты өз айнымастығын растай отырып, бейбіт саяси процестің аясында Таяу Шығыстағы жағдайды толыққанды реттеу үшін дәйекті және жүйелі түрде қолдау көрсетеді» деп атап өтті.

Тұрақты өкіл Палестинаның мемлекеттілікке құқығын және Израильдің қауіпсіздікке құқығын саяси, экономикалық және экологиялық өлшемдерде, сондай-ақ жаңа қауіп-қатерлер саласындағы сенім шараларының қолданылуын қамтамасыз етуді қоса алғанда алдын алу дипломатиясының тиісті құралдарын қолдану арқылы қамтамасыз етуге шақырды.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз хабарламасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив