Қасым-Жомарт Тоқаев Чехия Премьер-министрі Петр Фиаланы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Чехия Премьер-министрі Петр Фиаланы қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Чех Республикасының Премьер-министрі Петр Фиаланы қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Фиаланың елімізге жасаған алғашқы ресми сапары екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

– Сіз елімізге үлкен бизнес-делегация алып  келдіңіз. Екі ел арасындағы іскерлік байланыстар мен ынтымақтастықты ілгерілетуге пайдасы өте зор бизнес форум өтеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Чехия Президенті лауазымына сайланған Петр Павелге құттықтауын жолдады.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде көлік-логистика саласын нығайту перспективаларына баса мән берілді. Президент чех инвесторларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

– Чех Республикасынан энергетика, машина жасау, көлік, ауыл шаруашылығы, қаржы, медицина өнеркәсібі және фармацевтика секілді экономиканың түрлі салаларына құйылатын инвестицияны құптаймыз. Сондай-ақ елдеріміздің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын ашамыз деп сенеміз, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Петр Фиала Чехияның елімізбен арадағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін растады.

– Чех Республикасы Қазақстанмен бұрыннан достық қарым-қатынас орнатқан және оны жалғастырамыз деп сенеміз. Осы кездесуіміз белсенді байланыстарға тың серпін береді деп үміттенемін. Қазақстан – біз үшін өте маңызды серіктес. Қазақстан мен Чех Республикасының ынтымақтастығы Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынастардың аса маңызды тірегінің бірі саналады, – деді Чехия Премьер-министрі.

Сонымен қатар кездесуде халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

https://www.akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-chehiya-premer-ministri-petr-fialany-kabyldady-2435453

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив