ҚР ИИДМ-де Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру тетіктері талқыланды

ҚР ИИДМ-де Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру тетіктері талқыланды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартимен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру тетіктері талқыланды. Атап айтқанда, қала құрылысы Кодексін әзірлеу және инфрақұрылымдық даму мәселелері әңгіме арқауына айналды.

ИИДМ басшысы атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен оларды іске асырудың негізгі тетіктері пысықталды.

«Ел Президенті Үкіметке қала құрылысы кодексін қабылдауды тапсырды. Осы ретте әрбір қаланың жер телімдері мен коммуналдық желілердің схемасы көрсетілген функционалды интерактивті картасы жасалатын болады. Жер кадастрында өнеркәсіптік мақсатқа арналған жер телімдерінің картасын қолданыстағы көлік және коммуникация инфрақұрылымының схемаларымен толықтырылып отырады», – деді Қ.Өскенбаев.

Айта кетерлігі, ҚР ИИДМ-де құқықтық және талдамалық мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына ғылыми және бизнес қоғамдастықтың өкілдері кірді. Сондай-ақ министрлік аталған тапсырманы іске асыру бойынша Жол картасын әзірлеп, бекітті.

Кездесуге қатысушылар сондай-ақ автомобиль жолдары құрылысының сапасы, индустриялық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру және елдің транзиттік әлеуетін нығайту мәселелерін талқылады. 

https://ortcom.kz/kk/novosti/1664252883 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив