ҚР ИИДМ-да Қала құрылысы кодексін даярлау бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды

ҚР ИИДМ-да Қала құрылысы кодексін даярлау бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асырудың негізгі механизмдері туралы айтты.

Ведомство басшысының ақпаратына сүйенер болсақ, министрлікте Қала құрылысы кодексін даярлау бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Құрамына ғылыми институт қызметкерлері мен бизнес-қауымдастық өкілдері кірген жұмыс тобы жаңа концептуалды құжаттың тиімділігін арттыруға басымдық бермек. Сонымен қатар жер учаскелерінің функционалды интерактивті картасы мен коммуналдық жүйелердің схемалары құрылмақ. Бұдан бөлек, өндірістік мақсаттағы жер телімдерінің кадастрлік картасы транспорттық және коммуналдық инфрақұрылымның маңызды схемаларымен толықтырылатын болады.

Сондай-ақ функционалды интерактивті картаны құру бағытында қалалардағы жер телімдері мен коммуналдық жүйелердің схемасы көрсетілген арнайы нормативтік база жасақталатын болады. Оның аясында барлық деңгейдегі қала жобалары мен монополияларды реттеу субъектілері туралы міндетті ақпарат ұсынылған бірыңғай қала құрылысы сараптамасын енгізу қарастырылған.

Бүгінде еліміздегі инженерлік жүйелерді цифрландыру көрсеткіші шамамен 65 пайызға жуықтайды. «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде 2024 жылға дейін инженерлік жүйелердің барлығы толықтай цифрландырылмақ.

Биылғы Жолдауда автомобиль жолдарының сапасына байланысты бірқатар мәселе көтеріліп, Президент 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма берді. Үкімет отырысында министр бұл бағытта атқарылатын жұмыстарға да тоқталды.

 «Жол құрылысының сапасын арттыру мақсатында құрылыс жұмыстарының барлық қатысушысының жекелей жауапкершілігі күшейтілмек. Бұдан бөлек, жобалық-сметалық құжаттарды дайындау мен жоспарлау кезінде оның тиімділігін арттыруға баса назар аударылуда», – деді ведомство басшысы.

Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, бүгінде нормативтік база мен жобалық шешімдерді техникалық сүйемелеуді жетілдіру механизмдері жан-жақты зерделенуде. Министрлік материалдар мен жаңа технологиялардың электронды базасын жасақтауды да жоспарлап отыр. Сондай-ақ жол сапасын бақылау қатаңдатылып, құрылыс барысын бақылау цифрлы жүйеге көшірілмек.

Осы орайда айта кетерлігі, аталған нормалардың барлығы Көлік мәселелері туралы жаңа Заң жобасында қарастырылған. Құжат бүгінде Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілген.

Ал тұрғын үйлерді қайта реттеу және қалалардағы инфрақұрылымды дамыту шаралары аймақтарды кешенді дамыту стандарты шеңберінде жүзеге асыру жоспарланған. Министрдің сөзіне қарағанда, стандартты тиімді қолдану өз кезегінде қалалық жайлы ортаны қалыптастыруға, еліміздегі шаһарларды заманауи үлгіде дамытуға және қалалардың кескін-келбетін уақыт ағымына сай көркейтуге мүмкіндік бермек. Аталған стандарт бекітіліп, биыл 1 қыркүйектен бастап күшіне енді.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық жеңілдіктерін саралап ұсынудың тәртібін әзірлеуді тапсырып, АЭА-ларды дамыту саясаты өзгеретінін айтты. Президент өз сөзінде «Маңызды индустриялық жобаларды жүзеге асыратын инвесторлар бар. Оларға салық және кеден жеңілдіктерін ұсынбай-ақ жер телімдерін беруге болады» деп атап өтті. Осыған орай бүгінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігін арттыру тетіктері егжей-тегжейлі саралануда.

 «Біз бірқатар жаңа шараларды енгізуді көздеп отырмыз. Біріншіден, арнайы экономикалық аймақтағы қатысушылар үшін жеңілдіктер «салған инвестиция неғұрлым көп болса, соғұрлым көп жеңілдіктер» принципі негізінде дифференциалды түрде берілетін болады», – деді Қайырбек Өскенбаев.

ҚР ИИДМ басшысының айтуынша, арнайы экономикалық аймақтардың қызметтерінің басым бағыттары бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін АЭА режимі негізіндегі арнайы жеңілдіктер қарастырылмақ. Ал өзге жобаларға кедендік және өзге де салықтық жеңілдіктер қарастырылмайды. Есесіне, оларға инфрақұрылым тартылған жер телімі бөлінеді.

Еліміздің транзиттік қуатын арттыру және нығайту мақсатында Қазақстанның 2030 жылға дейін көлік-логистикалық әлеуетін дамыту Концепциясы даярланды. Оның аясында көлік инфрақұрылымы құрылысы мен оны жаңғыртуға арналған жобалар табысты жүзеге асырылмақ. Сондай-ақ пойыз вагондарын жаңалауда отандық кәсіпорындардың өнімдерін пайдалануға толықтай басымдық берілмек.

 «Қазақстан темір жолын» ұлттық көлік-логистикалық компанияға трансформациялау шеңберінде әлемдік транспорттық-логистикалық жетекші компаниялармен тиімді ынтымақтастық орнату ұсынылып отыр», – деп атап өтті министр.

Сөз соңында Қайырбек Өскенбаев Мемлекет басшысының министрлікке жүктеген тапсырмалары сапалы және өз уақтысында орындалатынын айтты.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.