Қазақстан мен Қытай құқықтық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты

Қазақстан мен Қытай құқықтық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Жоғарғы халық прокуратурасының Бас прокуроры Чжан Цзюньмен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қытайдың құқық қорғау саласындағы, оның ішінде БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және «Орталық Азия-Қытай» диалогы сияқты көпжақты құрылымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Ш. Нұрышев сұхбаттасушыны Қазақстанда өтіп жатқан саяси және экономикалық өзгерістер туралы хабардар етті, сондай-ақ оны ү. ж. 1 қыркүйекте ҚР Парламентінің VII шақырылымының үшінші сессиясының ашылуында айтылған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басты бағыттарымен таныстырды.

Сонымен бірге қазақстандық дипломат ҚР мен ҚХР арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарт шеңберінде екі елдің ынтымақтастығы мәселесіне ерекше назар аударды. Қазақстан Елшісі екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосымша серпін беру мақсатында аталған құжатты одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Бұған қоса, Ш. Нұрышев ҚР мен ҚХР арасындағы Сотталған адамдарды беру туралы шарт аясында ҚР мен ҚХР-дың пенитенциарлық мекемелерінде жазасын өтеп жатқан екі елдің азаматтарын өзара беру мәселесінде тараптардың іс жүзіндегі өзара ықпалдасуын күшейтуді ұсынды.

Өз кезегінде, Бас прокурор Президент Қ.Тоқаев белгілеген ҚР-дағы саяси өзгерістерге, әсіресе еліміздің сот және құқық қорғау жүйесін реформалауға қатысты бағытқа жоғары баға берді.

Чжан Цзюнь озық тәжірибемен алмасу және прокуратура органдарының жұмысына жаңа «құралдарды» енгізу мақсатында Қытайдың Жоғарғы халық прокуратурасының ҚР Бас прокуратурасымен байланыстарды нығайтуға және тығыз диалог орнатуға мүдделілігін білдірді.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі мен Қытайдың Жоғарғы халық прокуратурасы арасындағы өзара қызығушылық тудыратын өзекті мәселелер бойынша тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты. 

https://ortcom.kz/kk/novosti/1662521675 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив