Қазақстан СІМ-де Азия кеңесі мәселелері бойынша дипломатиялық корпусына арналған брифинг өтті

Қазақстан СІМ-де Азия кеңесі мәселелері бойынша дипломатиялық корпусына арналған брифинг өтті

Қазақстан СІМ-де Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсыновтың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне (Азия кеңесі) мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшыларына арналған брифингі өтті.

Ә. Тұрсынов 2022 жылғы қазанда өтетін Азия кеңесінің 6-шы Саммиті барысында оны халықаралық ұйымға трансформациялауды іске қосудың маңыздылығы, форумның жүйелі институционалдық қайта құрылуы бойынша Қазақстан төрағалығының көрінісі туралы егжей-тегжейлі айтып, Саммиттің қорытынды құжаты жобасының негізгі мазмұнымен таныстырды. Сонымен қатар, алдағы Саммитті дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері қозғалды.

Іс-шараға Азия кеңесі хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбай қатысып, Хатшылықтың Саммитке дайындық бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарымен және Кеңестің 30 жылдығына арналған іске асырылып жатқан жобаларымен бөлісті.

Пікір алмасу барысында дипломатиялық миссиялардың басшылары Азия кеңесінің қазіргі әлемдегі геосаяси турбуленттілік жағдайында диалог пен ынтымақтастық үшін көпжақты алаң ретіндегі маңыздылығын атап өтіп, Кеңесті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыруға бағытталған Қазақстан төрағалығының күш-жігеріне қолдау білдірді.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/373346?lang=kk 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив