Сенаторлар өңірлердің табысын арттыру жолдарын ұсынды

Сенаторлар өңірлердің табысын арттыру жолдарын ұсынды

Сенатта «Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы теңгерімсіздіктерді азайту мақсатында бюджетаралық қатынастарды жетілдіру» тақырыбына арналған үкімет сағаты болды. Онда бюджетаралық қатынастардың проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды.

Қазіргі кездегі өңірлік дамудың күн тәртібінде жергілікті жердегі әкімдіктер бюджетінің кірісіндегі айырмашылықтар – өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы саладағы жағдайды жақсарту үшін бюджетаралық қатынастарды заңнамалық деңгейде реформалауды тапсырған болатын.

«Біздің алдымызда ауқымды міндет тұр – ол Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру, ең алдымен, біздің бюджетаралық қатынастарымыз халқымызды мемлекет кепілдік берген бірдей қызметтермен шынымен қамтамасыз етуі және бүгінгі күні біздің өңірлердің дамуындағы барлық теңсіздіктерді барынша азайту болып отыр», - деді Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина.

Сенат Төрағасы орынбасарының айтуынша, бюджетаралық қатынастардың тепе-теңдігін арттыру үшін бірқатар шаралар қабылданды. Атап айтқанда, қаржылық дербестікті кеңейту және жергілікті атқарушы органдарды өңірлік экономикаларды дамытуға ынталандыру және жергілікті бюджеттердің кірістерін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Трансферлік тетіктер үнемі жетілдірілуде, алайда өңірлер арасындағы алшақтықты азайту жөніндегі міндеттерді шешуге мүмкіндік бермейтін бірқатар проблемалық мәселелер әлі де бар, деп атап өтті Ольга Перепечина.

Шара барысында ұлттық экономика министрі Әлібек Куантыров пен Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов баяндама жасады. Олар нақты мысалдар келтіре отырып, республика мен өңір деңгейіндегі бюджетаралық қатынастардағы проблемалық мәселелер туралы айтты және оларды шешу туралы ұсыныстарын ортаға салды.

Сенаторлар талқылау барысында қазіргі өңірлік сәйкессіздіктерді теңестіруге және өңірлердің кірістерін арттыруға бағытталған бірқатар шараларды ұсынды. Атап айтқанда, олар бірқатар алымдар мен төлемдерді, сондай-ақ жылдық жиынтық табысы 150 млрд. теңгені құрайтын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік табыс салығын республикалық бюджеттен өңірлік деңгейге беру қажеттігін атап өтті. Сенаторлар сондай-ақ барлық деңгейдегі бюджеттер арасындағы кері трансферттерді барынша азайту үшін бюджеттік алымдарды біртіндеп алып тастаған жөн екенін атап өтті. Шара барысында айтылған осы және басқа да ұсыныстар Үкіметке жіберілді.

Сенаттың Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив