Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басшысы аулалар мен алаңдарда жаяу патрульдеуді күшейтуді тапсырды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басшысы аулалар мен алаңдарда жаяу патрульдеуді күшейтуді тапсырды

ІІМ басшысы жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында жүр.

Жұмыс сапары барысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов облыс прокуратурасында болып, онда ведомствоаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.   

Тараптар жаңа жағдайда тиімді жұмыс істеу үшін бірінші кезекте техникалық жабдықтауды жетілдіру, сонымен қатар заманауи цифрлық ресурстарды енгізу қажет екенін баса айтты.

Сондай-ақ, Ерлан Тұрғымбаев полицияны реформалаудағы негізгі принциптерді іске асыру жөніндегі Мемлекет басшысының берген тапсырмаларының орындалуымен танысты.

Ведомство басышы «жұртқа жақын полиция» қағидатын дамытудың маңызды факторы криминогенді деп саналатын және адам көп жүретін учаскелерге модуль үлгісіндегі стационарлық бекеттер орнату болып табылатынын баса айтты.

  Петропавлда адамдардың жаппай жиналатын орындарына, оның ішінде сауда-көңіл көтеру орталықтарына жақын жерде осындай екі модуль жұмыс істейді. Олар жұмыс істеген уақыттан бері өз тиімділігін көрсетті. Петропавлдықтар бұл жерге кеңес алу үшін де, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша да жүгінген: спирттік ішімдіктерді ішу, рұқсат етілмеген жерлерде сауда жасау және басқа да өтініштермен.

Стационарлық бекетке барған кезінде Ерлан Тұрғымбаев СҚО-да осындай тағы 4 бекет орнату қажеттігін атап өтті. Заманауи функционалы бар жеке үй-жай патрульдік полицейлерге қызмет атқаруына және тәулік бойы азаматтарды қабылдауға ыңғайлы.

Сонымен қатар, ІІМ басшысы полицияның, оның ішінде жаяу патрульдердің есебінен тұрғын үйлердің аулаларында, саябақтарда, скверлерде полицияның тұрақты болуы тиімділігін қамтамасыз ете отырып, көшелерде қызмет атқару тәртібін қайта қарауды тапсырды.

Өңірге сапары барысында еліміздің бас полицейі Жедел басқару орталығында, Кинологиялық қызмет орталығында және кавалерия бөлімшесінде болып қайтты.

Сондай-ақ, Ерлан Тұрғымбаев азаматтарды жеке  қабылдауды өткізді. Солтүстікқазақстандықтар қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша ғана жүгініп қоймай, алғыстарын да білдірді.

Осылай, Солтүстік Қазақстан университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі облыстық полицияның арнайы мемлекеттік мұрағаты қызметкерлерінің қуғын-сүргінге ұшырағандарға қатысты мәліметтер жинақтауға көмек көрсеткендерін айтты.

Сонымен қатар, Ерлан Тұрғымбаев жеке құраммен кездесті. Ол СҚО Ресей Федерациясының Қорған, Түмен және Омбы сияқты үш облысымен шектесетін облыс екендігін атап өтті. Бұл өңірдің барлық полиция жұмысына белгілі бір жауапкершілік артылады.

Осыған байланысты, министр заңсыз көші-қонмен, интернет алаяқтықпен, мал ұрлығымен, синтетикалық есірткілерді таратумен байланысты мәселелерді ұдайы бақылауда ұстауды тапсырды. Аталған қылмыс түрлері трансшекаралық сипатқа ие және бұл қылмыстармен күресу үшін шетелдік әріптестермен тығыз іс-әрекет жасасу қажет деп атап өтті.  

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив