Бертельсманн қоры: қоғамды жұмылдыру және заңнаманы жаңғырту – жемқорлықты жоюдың басты қозғаушы күштері

Бертельсманн қоры: қоғамды жұмылдыру және заңнаманы жаңғырту – жемқорлықты жоюдың басты қозғаушы күштері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Бертельсманн неміс Қорының (бұдан әрі – Қор) аға директоры Штэфан Эмптер бастаған сарапшылар тобымен кездесті.

Тараптар Қазақстанның өзекті әлеуметтік - саяси және сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларын талқылап, мемлекеттік басқару жүйесіндегі трансформация мен жемқорлықты жою арасындағы ажырамас байланысты атап өтті.

Алик Шпекбаев шетелдік сарапшылардың сұрақтарына жауап бере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтарын құқық қолдану туралы егжей-тегжейлі баяндады. Атап айтқанда, бұл мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін жауапкершілікке тартудың, жұртшылықты жұмылдыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізудің, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесінің тәжірибесі туралы болды.

Сарапшылар үшін азаматтық қоғамды шешім қабылдау процесіне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларға тарту шаралары ерекше қызығушылық тудырды. «Біз ілгерілеуді көріп отырмыз. Ұзақ мерзімді келешекте Сіздердің қоғамды кеңінен қатыстыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарыңыз – заңнаманы үнемі жетілдіру секілді маңызды болып табылады», - деп атап өтті Қордың аға сарапшысы Сабине Доннер.

Қор өкілдері таңдалған бағыттың артықшылықтарын көрсете отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы кешенді тәсілді жоғары бағалады. Жалпы, олар қабылданып жатқан заңнамалық шаралардың өзектілігін айқындап, оларды сапалы іске асыру азаматтардың әл-ауқатын арттыруға оң әсер ететінін атап өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив