АЛИК ШПЕКБАЕВ ШЕТЕЛДІК ӘРІПТЕСТЕРІМЕН  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ КЕЛЕШЕГІН ТАЛҚЫЛАДЫ

АЛИК ШПЕКБАЕВ ШЕТЕЛДІК ӘРІПТЕСТЕРІМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ КЕЛЕШЕГІН ТАЛҚЫЛАДЫ

 

2019 жылғы 10-11 желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасаттылықты ілгерілетудің тиімді тетіктері» V халықаралық жыл сайынғы конференциясының аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Молдова, Украина, Литва және ҚХР сыбайлас жемқорлыққа қарсы мекемелерінің, «Deloitte» компаниясының, Еуропа қайта құру және даму банкінің өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді.

Әр елден келген сарапшылар Қазақстанның жаңа заңнамалық бастамаларының маңыздылығын құптай келе, жемқорлықты төмендету бойынша қабылданған шараларға оң бағасын берді және әлемнің жетекші елдерінің озық тәжірибелерімен, пікірімен бөлісуге арналған алаң ұсынғаны үшін алғыс білдірді. 

Атап айтқанда, Молдованың Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының экс-президенті Анатолий Дончю Молдованың Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталығымен Қазақстанның тығыз ынтымақтастығын атап өтіп, елдің мемлекеттік және жекеменшік сектордағы сыбайлас жемқорлықты төмендету бойынша тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қоса,  Integrity Check (Testing) парасаттылыққа тексеру институтын, жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесін енгізуге қатысты жұмыс тәсілдері туралы баяндады.

Украинаның өкілі – Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро директорының орынбасары Анатолий Новак құқық қорғау органының сыбайлас жемқорлықпен күресудегі жұмыстарының ерекшеліктері туралы айтты.

Өз кезегінде ҚХР Мемлекеттік қадағалау комиссиясының өкілі Ян Чжао Агенттіктің ҚХР қадағалау органымен ынтымақтастығының оң дамуын атап өтті және ШЫҰ жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы орталық құру туралы ниетін жеткізді.

Агенттік Төрағасы Литваның делегация өкілдері Ж.Крампалькаспен (Литваның арнайы тергеу қызметі), Р.Калесникаспен (Литваның Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ассоциациясының директоры), Э.Ливнимен (ЕҚДБ) және Н.КипниспенDeloitte» компаниясы) әңгімелесу барысында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және хабарлаушыларды қорғау бойынша тәжірибе алмасты. Қатысушылар Агенттіктің бастамаларына жоғары баға беріп, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша тиімді ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Кездеуге қатысушылар жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 80%-ы превенция мен парасаттылықты ілгерілетуге, ал  20%-ы жазалау шараларына бағытталса табысты болатынын атап өтті.

Өз кезегінде Алик Шпекбаев халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, барлық қонақтарға мазмұнды пікірлері мен құнды ұсыныстары үшін алғыс айтты.

Агенттік Төрағасы елдің жоғары басшылығының саяси ерік-жігері мен жүргізілген жүйелі реформалар, азаматтық қоғамның кең қолдауы, бизнес-қауымдастық пен белсенді қазақстандықтар арқылы елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны табысты жүзеге асыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті.

  • «Мемлекет басшысы а.ж. 26 қарашада қол қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңа толықтырулар Елбасы мен Президенттің Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоюға бағытталған жүйелі және көреген саясатының жемісі», - деді Алик Шпекбаев.

Ол сонымен қоса тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталып, сындарлы серіктестің келешектегі дамуына сенім білдірді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив