Сыртқы істер министрлігінде білім беру саласындағы инвестициялық жобаны талқылады

Сыртқы істер министрлігінде білім беру саласындағы инвестициялық жобаны талқылады

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов «KinderWorld International Group» компаниясының төрағасы және бас атқарушы директоры Рики Тан Тек Ионгті қабылдады.

Сингапурлық компания Қазақстан аумағында халықаралық деңгейдегі түрлі білім беру мекемелерін салуды жоспарлап отыр. «Kazakh Invest» ҰК» АҚ білім беру саласындағы алғашқы инвестициялық жобаға толық қолдау көрсетіп келеді.

Компания өкілдері «KinderWorld Kazakhstan» сингапурлық үздіксіз білім беру моделінің білім беру орталығын құру: балабақша – мектеп – колледж – университет» жобасын таныстырды. Компания Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында пилоттық жобаның үш кезеңін іске асырылуын қарастырады. 

«KinderWorld International Group» - халықаралық білім беру тобы. 1986 жылы құрылған. Компанияның негізгі қызметі - үздіксіз білім беру жүйесін дамыту. 2000 жылдан бастап компания Вьетнам, Таиланд және Малайзияда мектептердің құрылысына инвестиция салды және қазіргі уақытта 21 білім беру орталығын басқарады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив