Қазақстанның 11 қаласында жыл басынан балаларды балабақшаларға электронды үлестіру жүйесі енгізілген

Қазақстанның 11 қаласында жыл басынан балаларды балабақшаларға электронды үлестіру жүйесі енгізілген

Қазақстанның 11 қаласында  жыл басынан балаларды балабақшаларға электронды үлестіру жүйесі енгізілген, ал аталмыш жүйені толықтай енгізу жұмыстарын 2018 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Автоматты түрде электронды тіркеу кезінде баланың жетістіктері мен оқыту траекториясы жазылған электрондық төлқұжат жасалады. Осы салаларға енгізіліп жатқан сандық технологиялар білім беру саласындағы үрдістердің ашықтығын қамтамасыз етіп, білім алушылардың білім сапасы мен бағдарламаны меңгеру деңгейін жақсарта түспек.

Білім беру саласындағы цифрландыру әрбір азаматты оқыту дерекқоры бойынша жалпы мәліметтер базасын құру арқылы білім беру саласының барлық деңгейлерін қамтиды – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби, жоғары.

Биылғы жылы білім берудің барлық салаларын басқару жүйесін біріктіру аяқталатын болады, бұл өз кезегінде білім беру үрдістерінің бірыңғай координациясын қамтамасыз етіп, білім алушылар бойынша ақпараттың жүйеленуіне әкеледі. Алдағы уақытта бұл білім беру үрдісін және адами капиталды дамытуға арналған жасанды интеллект енгізуге мүмкіндік береді. 2019 жылдың соңына дейін республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі білім беру ұйымдарының 100%-на білім берудің барлық деңгейлері бойынша ақпараттық жүйелер енгізілетін болады.

 

ҚР Білім және ғылым Министрлігінің

 баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив