Бангкокта сауда диалогын кеңейту мәселелері талқыланды

Бангкокта сауда диалогын кеңейту мәселелері талқыланды

2019 жылғы 31 шілдеде Қазақстан Елшісі Раушан Есбулатова Қазақстан мен Таиланд арасындағы сауда диалогын дамыту мен өзара тиімді ынтымақтастықты үйлестіру мақсатында таиландтық іскерлік топтарымен кездесу өткізді.

Таиландтың кәсіпкерлерімен пікір алмасу форматында өткен әңгіме барысында Елші Қазақстанның Бангкоктағы Елшілігі таиландтық және шетелдік кәсіпкерлер үшін өзара әрекеттесу тізбегін – Елшіліктен бастап жергілікті атқарушы органдарға дейін «СІМ – шетелдік мекемелер – өңірлер» форматында бағыттаушы рөл атқаратынын еске салды.

Қатысушылар ауыл шаруашылығы, азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп және т.б. арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар шеңберіндегі инвестициялық мүмкіндіктермен таныстырылды.

Қазақстан қазіргі таңда жаңа инвестициялық даму кезеңінде және көптеген бизнес мүмкіндіктері бар мемлекет болып табылатындығы және инвестициялық жобалардың шетелдік қатысушылары үшін ерекше жағдайлар жасалатындығы туралы айтылды.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан аймақтарына бірлескен іссапарларды ұйымдастыруды жалғастыруға келісті. Ү.ж. маусым айында таиландтық компаниялардың өкілдері Алматыға сапар шегіп, әлеуетті серіктестермен және «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ өкілдерімен кездесулер өткізгені мәлім.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив