Қазақстан және Ұлыбритания: жаңа кезеңіндегі  стратегиялық әріптестіктің кеңейтуі

Қазақстан және Ұлыбритания: жаңа кезеңіндегі стратегиялық әріптестіктің кеңейтуі

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка істері жөніндегі Мемлекеттік министрі Сэр Алан Данканмен өткізілген келіссөздер барысында екіжақты стратегиялық әріптестіктің ағымдағы ахуалы мен болашағын талқылады.

СІМ келіссөздер аясында Министр Б. Атамқұлов екі елдің саяси диалогы сындарлы, ашықтық және өзара қолдаумен ерекшеленетінін атап өтті. Ол екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі СІМ басшылары деңгейде Стратегиялық диалогын, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссясын және Іскерлік кеңестің сауда-экономикалық және индустриялық салалардағы құрылымдардың тиімділігін және инвестициялық өзара іс-қимылдардың ілгерілетуін атап өтті.

Сыртқы саясат ведомствосының басшысы сұхбаттасушыны ҚР СІМ-ге мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру және экспортты ілгерілету саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі функцияларды беру туралы хабардар етті.

А. Данкан, өз кезегінде, Ұлыбритания Қазақстанды Орталық Азиядағы өзінің негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті. Британдық министр Қазақстандағы ішкі саяси өзгерістеріне толық қолдау білдірді және халықаралық қауымдастығы үшін елдің ішкі және сыртқы саясаттың тұрақтылығы мен болжамдылығы зор маңыздылығын атап өтті.

Лондон ҚР-мен саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Британдық сұхбаттасушы сандық технологиялар мен ауыл шаруашылығы саласында үлкен әлеуеттің болуымен келісті.

Біріккен Корольдік Қазақстанның бес ең ірі инвесторларының қатарына кіретінін атап етуге жөн. 2005 жылдан 2018 жылға дейін Ұлыбританияның Қазақстанға тікелей инвестициялардың көлемі 13,3 млрд. АҚШ долл. құрады. Қазақстанда британдық қатысуымен 860 астам заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер тіркелген, олардың ішінде 500 астам заңды тұлғалар іс-әрекет жүргізуде. Сауда-инвестициялық ынтымақтастыққа ү.ж. сәуірдің соңында Ұлыбритания Премьер-министрінің Сауда өкілі Баронесса Эмма Николсон бастаған ірі іскерлік бизнес делегацияның жопарланған сапары қосымша серпін береді.

Тараптар Қазақстан-Британ іскерлік ынтымақтастығының айқын табысы ретінде жеңілдетілген салық режимімен және тәуелсіз қаржы сотымен, ағылшын құқығы қағидаттарында жұмыс істейтін, Британдық сарапшылардың белсенді қатысуымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысын атап өтті.

Кездесу барысында сұхбаттасушылар талқыланатын мәселелердің барлық кешені бойынша өзара түсіністікке қол жеткізіп, стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға берік икемділігін растады.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив