Қазақстан мен Еуропалық Одақ саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейту бағытында қызмет атқаруда

Қазақстан мен Еуропалық Одақ саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейту бағытында қызмет атқаруда

 

Қазақстан мен Еуропалық Одақ және оған мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың толық әлеуетін ашу сыртқы саяси ведомство мен Қазақстанда аккредиттелген Еуропалық Одақтың дипломатиялық өкілдіктері тарапынан ерекше назар аударуды талап етеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов ЕО елшілерімен бүгін Астанада өткен кездесуінде айтты.

Іс-шара барысында қазақстандық-еуропалық өзара әрекеттесу мәселелерінің кең ауқымы, оның ішінде саяси және сауда-экономикалық салалардағы әріптестікті тереңдету перспективалары қаралды.

Сыртқы саясат ведомствосының басшысы өз сөзінде Қазақстан белсенді және тұрақты саяси диалогпен сипатталатын Еуропалық Одақпен қалыптасқан достық қатынастарды бағалайтынын атап өтті. Сонымен қатар, 2018 жылы орын алған жемісті ынтымақтастықтың қорытындысы, атап айтқанда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың қазанында Брюссельде өткен Азия-Еуропа Форумының (АСЕМ) 12-ші саммитіне қатысуы және оның шеңберінде Еуропалық Комиссияның Президенті Жан-Клод Юнкер және ЕО елдерінің көшбасшыларымен кездесулері оң бағаланды.

Жақын уақытта өз күшіне толық енуі тиіс Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы Келісімді (КӘЫК) тиімді іске асыру мәселесіне басты назар аударылды. Қатысушылар КӘЫК ынтымақтастықтың 29 саласында өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін ашатыны туралы ортақ пікірге келді.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының инвестицияларды тарту және экспортты ілгерілету бойынша алдына қойылған міндеттерді іске асыру мәнмәтінінде, күн тәртібінің негізгі мәселесі ретінде сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту және әртараптандыру болды. Атап айтқанда, Еуропалық Одақ Қазақстанның ұзақ жылдар бойы ірі сауда және инвестициялық серіктесі болып табылады. 2018 жылдың 11 ай нәтижелері бойынша тауар айналымы 34,4 млрд. АҚШ долларын құрады (жалпы көлемнің 49%), ал Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 12,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Сонымен бірге, бүгінгі таңда еуропалық компаниялардың қатысуымен Қазақстанда жалпы құны 3 млрд. долл. көлемінде 24 ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Министр Қазақстан үшін шетелге экспортталатын тауарлар номенклатурасын жан-жақты әртараптандыру, жаңа сауда нарықтарын іздеу, жоғары технологиялық тауарлар өндірісі және экспорт бойынша бірлескен кәсіпорындар құру, сондай-ақ сапалы және сұранысқа ие қызметтер экспорты басым болып табылатынын атады. «Бүгінде Қазақстан әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатын алға қойып отыр, ол үшін мемлекет инвестициялық және экспорттық бағыттағы ел экономикасын жаңғырту бойынша кешенді шаралар қабылдауда», - деп атап өтті Б. Атамқұлов.

Іскерлік байланыстардың өсуі мен азаматтар арасындағы қарым-қатынастарды қамтамасыз ету арасындағы тығыз байланысты ескере отырып, жан-жақты өзара іс-қимылды дамыту мақсатында ҚР азаматтары үшін ЕО визалық режимін жеңілдету туралы мәселені тез арада шешу маңызды түрткі болатын еді. Осыған байланысты Қазақстан СІМ басшысы Еуропалық тарапты Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету жөніндегі келіссөздерді бастау мәселесін ілгерілету бойынша қолдауға шақырды.

Сондай-ақ тараптар Орталық Азия бойынша ЕО Стратегиясын жаңарту процесін талқылады. ОА аймағындағы диалогтың дамуының оң үрдістері Еуропалық Одақ пен Орталық Азия аймағы арасындағы өзара іс-қимыл үшін жаңа перспективалар ашатыны аталды. «Қазақстан бұдан да терең ынтымақтастықтың тиімді және көпфункционалды негізі болатын жаңа стратегияны іске асыруға белсенді түрде жәрдемдесуге дайын, сондай-ақ құжат аймақ ішіндегі әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал етеді» - деп атап өтті.

Сонымен қатар, өзекті халықаралық және аймақтық мәселелер, атап айтқанда, ЕАЭО-ЕО форматындағы өзара қарым-қатынасының перспективалары, Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастық, «Белдеу мен жол» атты Қытай бастамасының шеңберіндегі өзара іс-қимыл және халықаралық күн тәртібінің басқа да мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Кездесу нәтижелері бойынша тараптар осындай форматта кездесулерді жиі өткізіп тұруға және тығыз жұмыс байланыстарын қолдауға келісті. Сонымен қатар, қазақстандық тараптың екіжақты ынтымақтастықты тереңдету бойынша диалогқа, жаңа ойлармен және ұсыныстармен бөлісуге дайындығы атап өтілді. 

Анықтама: Қазақстанда ЕО-ға мүше мемлекеттерінің 22 елшілігі және ЕО-ның Қазақстандағы Өкілдігі қызмет атқарып келеді.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив