Қазақстан және Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестіктің практикалық кезеңі басталды

Қазақстан және Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестіктің практикалық кезеңі басталды

Брюссель, 2018 жылғы 26 ақпан. – Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді (КӘЫК) іске асыру үшін Қазақстан «жол картасын» әзірлеуді ұсынады. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Брюссельде «Қазақстан-Еуроодақ» Ынтымақтастық кеңесінің 16-шы отырысында мәлімдеді.

2015 жылы қол қойылған Келісімді бүгінгі таңда Еуропалық Одаққа мүше көпшілік мемлекет  ратификациялады, сондай-ақ Еуропалық Парламент те мақұлдады. КӘЫК жаңа буындағы құжат болып табылады, ол ынтымақтастықтың 29 бағытын қамтиды. Әріптестіктің жаңа құрылымдары - «сауда конфигурациясындағы» ынтымақтастық комитеті, кеден мәселелерімен айналысатын кіші комитет, энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттың өзгеруі жөніндегі кіші комитет құрылды.

«КӘЫК әлеуетін толық ашу Қазақстанның мүдделеріне сәйкес келеді, өйткені бұл құжат Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жан-жақты жаңғырту стратегиясын тиімді іске асыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті министр. Қ.Әбдірахманов еуропалық әріптестеріне Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында баяндалған мемлекеттік саясаттың басымдықтары туралы хабардар етті. Қазақстан Еуропалық Одақ елдеріне қазақстандық индустрияны цифрландыру, көлік және логистика секторын дамыту мен агроөнеркәсіптік кешенді жаңғыртуға белсене қатысуға шақырады.

Еуропалық Комиссияның және Еуропалық сыртқы әрекеттер қызметінің жоғары лауазымды өкілдері қатарынан жасақталған делегацияға қазіргі уақытта Еуропалық Одақ Кеңесінде төрағалық етіп жатқан Болгария Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Екатерина Захариева басшылық етті. Кездесу барысында делегациялар 2 ақпанда 25 жылдығы аталып өтілген Қазақстан мен ЕО арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың барлық мәселелерін қарастырды.

Еуропалық Одақ елге тартылған тікелей инвестициялардың және Қазақстандық сыртқы сауданың жартысына жуығын құрайтын Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық әріптесі болып табылады. 2017 жылы Қазақстан мен ЕО арасындағы тауар айналымы 2016 жылмен салыстырғанда 25 пайызға артып, шамамен 30 млрд. АҚШ долларын құрады.

Қазақстан тарапы атап өткендей, жаңа келісімді жүйелі түрде іске асыру, біріншіден, жоғары технологиялық өнімдерді сату арқылы айтарлықтай экономикалық өсу үшін жаңа мүмкіндіктер жасау мен жұмыс орындарын құруға, сауда айналымының көлемін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Өз кезегінде, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту азаматтардың еркін қозғалысын қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Осыған байланысты, визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздерді тезірек бастау объективті түрде қажетті болып табылады», - деді Қ. Әбдірахманов. Ол жеңілдетілген визалық режим туралы келіссөздер биылғы жылы басталатынына сенім білдірді. 

ҚР-ЕО Ынтымақтастық Кеңесі КӘЫК-ке сәйкес құрылған ең жоғары үйлестіруші орган болып табылады. Кеңес жылына бір рет Қазақстанның Сыртқы істер министрлері мен ЕО-ға төрағалық етуші мемлекет деңгейінде кездеседі. Ол Келісімнің тұрақты түрде орындалуын, сондай-ақ, екіжақты немесе халықаралық мәселелерді қарастырады.

Сол күні «Euractiv» еуропалық медиа-агенттігі Брюссельде «Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастарды дамыту перспективалары» тақырыбында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың, ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Питер Бурианның, Еуропалық Парламенттің мүшелері, Еуропалық сыртқы іс-әрекеттер қызметінің басшылары, еуропалық сарапшылар қауымдастығы және баспасөз өкілдерінің қатысуымен форум ұйымдастырды. Талқылауға қатысқандар ынтымақтастықтың барлық салаларында Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейін және оны әрі қарай кеңейтудің маңызды перспективаларының бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, форумда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде 2018 жылдың қаңтарында өткен Қазақстан төрағалығының нәтижелеріне жоғары баға берілді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

4 пікір

  1. аватар
    Dinah 7 декабря 2023 08:59

    Woah! I'm really loving the template/theme of this
    site. It's simple, yet effective. A lot of times it's
    very hard to get that "perfect balance" between user friendliness and visual appearance.
    I must say that you've done a superb job with this. In addition, the
    blog loads very quick for me on Safari.
    Excellent Blog!

    my web site Depo-Medrone beschikbaar in Zwitserland

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив