Қазақстан Елшісі Коста-Рика Президентіне  сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Коста-Рика Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

 

2018 жылғы 5 желтоқсан САН ХОСЕ - Қазақстанның Коста-Рикадағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Андриан Елемесов Коста-Рика Президенті Карлос Альварадо Кесадаға сенім грамоталарын табыс етті.

А. Елемесов Коста-Рика басшысымен екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен дамуын талқылады. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі бағдарламалық құжаттарының негізінде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жетілдіру процестері туралы айтып берді.

Қазақстан Елшісі сондай-ақ Мемлекет басшысының таратпау және қарусыздану, халықаралық лаңкестікпен күресі және климаттың өзгеруі мәселелерінде рөлін атап өтті. Оған қоса, Қазақстанның халықаралық аренадағы соңғы жетістіктері, атап айтқанда, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызметі туралы әңгімелеп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде еліміздің кандидатурасын қолдағаны және ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысқаны үшін Коста-Рика Президентіне алғысын білдірді.

Оған қоса, А. Елемесов екі мемлекет арасындағы экономикалық және құқықтық салалардағы келісім-шарт базасын кеңейту мәселелерін талқылап, жақын арада екі елдің азаматтары үшін визалық талаптардан өзара босату туралы келісім жасасуды ұсынды.

Өз кезегінде, К. Альварадо Қазақстан Президенті Н. Назарбаевқа және Қазақстанның достас халқына зор ілтипатын білдірді. Коста-Рика үшін халықаралық қарусыздандыру және бейбітшілік үшін күрес мәселелері маңызды болып табылатынын айтып, Қазақстандық бастамаларға қолдау көрсететініне сендірді.

Қорытындылай келе, Орталық Америка мемлекетінің басшысы өз елінің Қазақстанмен екі жақты қатынастарды дамытудағы ашықтығын құптады.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасы

 

 

        

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив