Қазақстанның Елшісі Бангладеш Халық Республикасының Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Елшісі Бангладеш Халық Республикасының Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Бангладештегі (қоса атқарушы) Елшісі Барлыбай Садықов Бангладеш Халық Республикасының Президенті Абдул Хамидке сенім грамоталарын тапсырды. Сенім грамоталарын тапсыру салтанатты іс-шарасынан кейін өткен сұхбат барысында екіжақты және көпжақты форматтардағы өзара ынтымақтастың ағымдағы жағдайы мен ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Б. Садықов Бангладеш Президентін, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып кележатқан еліміздің сыртқы және ішкі саясаттарының негізгі басымдықтарымен, сондай-aқ еліміздегі ауқымды саяси және экономикалық өзгерістердің негізгі бағыттарымен таныстырды. Бұл тұрғыда, жүргізіліп жатқан реформалар Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейін әлемнің ең озық дамыған 30 мемлекеттерінің қатарына кіруін қамтамасыз ете отырып, қоғам мен экономиканы жаңғыртуға бағытталғаны аталып өтті.

Өз кезегінде, А. Хамид өзінің 2017 жылдың қыркүйегінде Астанада өткен Ислам ынтымақтастық ұйымының Ғылым мен технологиялар жөніндегі алғашқы саммиті мен «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты жабылу салтанатына қатысуы шеңберінде Қазақстанға жасаған ресми сапарын жылы лебізбен еске алатынын жеткізді. Бұл тұрғыда халықаралық және аймақтық ұйымдардың мүшелері болып табылатын Бангладеш пен Қазақстан бұдан былай да өзара қолдау көрсету мен өзара тиімді ынтымақтастықтарын одан әрі жалғастырудың маңызды екенін ерекше атап өтті.

Кездесу соңында Б. Садықов Қазақстан тарапы Бангладеш Халық Республикасымен екіжақты және көпжақты форматтардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін ерекше атап өтті.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив