Литва Елшісіне Қазақстандағы табысты миссиясы үшін алғыс айтылды

Литва Елшісіне Қазақстандағы табысты миссиясы үшін алғыс айтылды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Литва Елшісі Гинтаутас Васюлисті еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.

Қазақстандық дипломат Г. Васюлиске ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің атынан алғыс хатты табыстап, Литва Елшісінің Қазақстанда болған бес жылға жуық уақыт ішінде екіжақты саяси және сауда-экономикалық байланыстарды нығайту жөніндегі нәтижелі жұмысын атап өтті.

«Литва дәстүрлі түрде Қазақстанның Балтық өңіріндегі басым сауда серіктесі болып қала береді. Қазақстанның әлемдегі ең ірі сауда серіктестерінің отызына кіре отырып, ол осы көрсеткіш бойынша ЕО елдері арасында тоғызыншы орында тұр», – деп атап өтті Р. Василенко.

Кездесу барысында Балтық теңізіндегі Литва порттарымен өзара іс-қимыл тәжірибесінің болуын, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті ерекше атап өтілді. Осыған байланысты тараптар Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тиімді жұмысының маңыздылығын атап өтті. Комиссияның кезекті отырысы үстіміздегі жылдың күзінде өткізуге жоспарлануда (жауапты мемлекеттік органдар – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі және Литва Республикасының Экономика және инновациялар министрлігі).

Қазақстан Республикасындағы Литваның құрметті консулдықтары желісін кеңейтуге Г. Васюлистің қосқан үлесі және осы елдің Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Орал, Өскемен, Павлодар, Тараз және Шымкент қалаларындағы 10 құрметті консулының қызметі ерекше атап өтілді. Бұл ретте, ҚР-дағы құрметті консулдықтардың саны бойынша Литва рекордсмен екені атап өтілді.

Кездесу соңында Р. Василенко Г. Васюлиске алдағы қызметінде табыс тіледі.

Өз кезегінде Г. Васюлис қазақстандық тарапқа қонақжайлылығы үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы одан әрі жемісті ынтымақтастықтың жалғасатынына үміт білдірді.

Анықтама: Қазақстан мен Литва арасындағы өзара сауда көлемі 2022 жылы 28,7%-ға өсіп, 584,3 млн АҚШ долларын құрады (экспорт – 446,4 млн долл. (өсім 25,3%), импорт – 137,9 млн долл. (өсім 41,4%). 2005 жылдан 2022 жылға дейін ҚР-ға Литвадан 77,2 млн долл. тікелей инвестициялар салынды. 2022 жылы Литвадан ТШИ жалпы ағыны 18,3 млн долл. құрады. 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда литвалық компаниялардың қатысуымен 176 заңды тұлға жұмыс істейді.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/592890?lang=kk

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Zgmpqj 8 августа 2023 06:45

    tricor 200mg generic <a href="https://fenoficor.com/">buy fenofibrate 200mg without prescription</a> buy fenofibrate 160mg generic

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив