Қазақстан мен Мажарстан стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайындығын растайды

Қазақстан мен Мажарстан стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайындығын растайды

Астана, 2023 жылғы 12 шілде – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Адам Штифтер Қазақстан-Мажарстан саяси консультацияларының кезекті раунды барысында екі елдің стратегиялық ынтымақтастығын одан әрі жан-жақты нығайтуға бағытталған өзара бағытты растады.

Тараптар Қазақстан мен Мажарстан арасында тұрақты саяси диалог қалыптасқанын, қазіргі геосаяси жағдайдың ең өзекті мәселелері бойынша өзара түсіністіктің сақталып отырғанын және аймақтағы қауіпсіздік сын-қатерлеріне бірлесіп әрекет ететінін растады. Түрлі халықаралық платформаларда тараптардың ұлттық мүдделеріне сай келетін бастамаларына өзара қолдау көрсетіледі.

«Біздің әріптестігіміздің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан Мажарстанды Орталық және Шығыс Еуропадағы негізгі әріптестердің бірі ретінде қарастырады. Бүгінгі таңда біздің мемлекеттеріміз өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға деген ұмтылыстарға толы», – деп атап өтті Р. Василенко.

Консультациялар барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі жандандыру қажеттігіне тоқталып өтті. Бұл ретте сауда-экономикалық байланыстарды дамытуда Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Мажарстан үкіметаралық комиссиясы маңызды рөл атқарады.

Дипломаттар сондай-ақ екі елдің білім беру саласындағы өзара іс-қимылының жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Қазіргі уақытта Мажарстанда мыңға жуық қазақстандық студент оқиды. Осы мақсатта Мажарстан жыл сайын 250 грант бөледі.

Бұл тұрғыда сұхбаттастар екі елдің халықтары арасындағы сан ғасырлық тарихи байланыстардың болуын ерекше атап өтті.

БҰҰ, ЕҚЫҰ және Мажарстан бақылаушы болып табылатын Түркі мемлекеттері ұйымын қоса алғанда, халықаралық алаңдарда өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар достық пен өзара тиімді ынтымақтастық негізінде Қазақстан-Мажарстан стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайту бағытына бейілділігін тағы да растады.

Анықтама: 2022 жылы өзара сауда көлемі 172,2 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 19,5%-ға көп. 2023 жылдың алғашқы 5 айында тауар айналымы 68,4 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,3%-ға өсім көрсетті. 2005 жылдан бастап 2023 жылғы I тоқсанына дейін Мажарстаннан ҚР-ға инвестиция көлемі 322 млн АҚШ долларын құрады. 2022 ж. қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 49,8 млн АҚШ долларына жетті (1,9 есе өсу). ҚР-да мажарлық қатысумен 70-ке жуық компания тіркелген. Олардың ішінде Moll, Globalia, Gedeon Richter және т.б. мажар флагмандық компаниялар бар.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

11 пікір

  1. аватар
    Jocfxd 27 августа 2023 01:19

    order meloset 3 mg without prescription <a href="https://imitonin.shop/">pill melatonin 3mg</a> where to buy danocrine without a prescription

  2. аватар
    Sofia 4 сентября 2023 14:27

    Good day! This is kind of off topic but I need some guidance from an established blog.
    Is it very hard to set up your own blog? I'm not very techincal but I can figure things out pretty fast.
    I'm thinking about making my own but I'm not sure
    where to begin. Do you have any tips or suggestions?
    Appreciate it

    my blog: Lucille

  3. аватар
    Roslyn 5 октября 2023 13:36

    Hello just wanted to give you a quick heads up. The words in your post seem to be running off the screen in Chrome.

    I'm not sure if this is a format issue or something to do with internet browser compatibility but I thought I'd post to let you know.
    The layout look great though! Hope you get the issue solved soon.
    Thanks

    My page ... où acheter du gestapuran

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив