Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтерінің басшылары Ташкентте келіссөз жүргізді

Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтерінің басшылары Ташкентте келіссөз жүргізді

Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен Ташкентте өтіп жатқан екіжақты ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысы қарсаңында келіссөз жүргізді.

Тараптар қазақ-өзбек өзара іс-қимылының бірқатар өзекті мәселесін, оның ішінде сауда, өнеркәсіп кооперациясы, инвестициялық қызмет, энергетика, логистика, трансшекаралық су нысандарын пайдалану, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту және т.б. салалардағы бірлескен қадамдарды талқылады.

Әлихан Смайылов Өзбекстан еліміздің сауда саласындағы ірі серіктестерінің бірі екенін айтып өтті. Атап айтқанда, 2022 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы жоспарланған $5 млрд-қа жетті.

- «Бұл ортақ күш-жігердің арқасында мүмкін болып отыр. Енді алға қойылған жоғары деңгейдегі міндеттерге сәйкес орта мерзімді перспективада өзара тауар айналымының көлемін $10 млрд-қа дейін ұлғайту керек», — деді Қазақстанның Үкімет басшысы. 

Сонымен қатар Ә. Смайылов қазақ-өзбек Үкіметаралық комиссиясының екіжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін шешудегі ерекше рөлін атап өтті.

Өз тарапынан Абдулла Арипов екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту үшін әлеуеттің зор екенін айтты.

«Өзара саудада оң динамика байқалады. Экономиканың көптеген саласында өнеркәсіп кооперациясының маңызды жобалары іске асып жатыр. Өзбекстан сауда, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы мен су шаруашылығы және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті. Жалпы біз бауырлас Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге мүдделіміз», — деді Абдулла Арипов.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив