Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 21-ші отырысы өтті.
Жиынға қазақстандық тараптан Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов, ресейлік тараптан - Үкімет төрағасының бірінші орынбасары - РФ Қаржы министрі Антон Силуанов қатысты.
Отырыс барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, отын-энергетикалық кешені, атом энергиясын бейбіт пайдалану, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, білім және ғылым, әлеуметтік-еңбек қатынастары, ақпараттық технологиялар, мәдениет, туризм, өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығын дамыту, сондай-ақ екі елдің іскер топтарының өзара қарым-қатынасы саласындағы мәселелер талқыланды.
Қазақстан мен Ресей мемлекетаралық байланыстардың барлық спектрі бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне ие. Бұл ынтымақтастықты нығайту мақсатында мемлекет басшылары мен өзгеде түрлі деңгейлерде кездесулер өтіп тұрады.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық ты жоспарлы түрде дамып келеді. Ресей Қазақстанның басты сауда серіктесі саналады (еліміздің сыртқы сауда айналымындағы Ресейдің үлесі 19,5%).
2018 жылы ҚР мен РФ арасындағы өзара сауда көлемі 18,5 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 13,1% - ке жоғары (16,4 млрд. АҚШ долл). Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша біздің елдеріміз арасындағы өзара сауда көлемі 0,8% - ке артып, 12,2 млрд. АҚШ долларын құрады (2018 ж. 8 ай - 12,1 млрд. АҚШ долл).
Отырыс барысында Премьер министрдің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетінің даму қарқынын сөз етті, мысал ретінде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» ауқымды жобасы жақын арада аяқталатынын айтты.
«Соңғы жылдары « Батыс Еуропа - Батыс Қытай »ауқымды автомобиль жобасын аяқтау жұмысы жүргізілді. Бұл жоба сәтті жүзеге асқаннан кейін біздің елдеріміз транзиттік әлеуетті толық іске асыра алатынына сенімдімін», - деді Әлихан Смайылов.
Жиын қорытындысы бойынша Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының 21-ші отырысының хаттамасына қол қойылды.
Комиссия 2020 жылы мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Қазақстан-Ресей Іскерлік Кеңесінің кезекті отырысын өткізуді ұсынды.
Айта кету керек, 2019 жылдың 6-7 қарашасында Омбы қаласында (РФ) мемлекет басшыларының қатысуымен «Трансшекаралық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің XVI аймақаралық ынтымақтастығының форумы өтеді.
Сонымен қатар, палаталардың бизнеспен өзара іс-қимылы бойынша жұмысты ұйымдастыруда тәжірибе алмасуға, аймақтық деңгейде ынтымақтастықты дамытуға, Қазақстан мен Ресей кәсіпорындарының кооперативті байланыстарын нығайтуға, оның ішінде үшінші елдердің нарықтарына шығуға ерекше назар аудару қажеттігі айтылды.
ҮАК келесі 22-ші отырысын 2020 жылы Ресей Федерациясында өткізу шешімі қабылданды.
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
29 пікір