Қазақстан мен Аустрия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты арттыру перспективаларын үкіметаралық комиссия талқылады

Қазақстан мен Аустрия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты арттыру перспективаларын үкіметаралық комиссия талқылады

Грац, 2023 жылғы 20 сәуір – Қазақстан мен Аустрия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Грац қаласында Экономикалық, ауыл шаруашылығы, табиғатты қорғау, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Аустрия үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 11-ші отырысы өтті.

Отырысқа Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Аустрия тарапынан Федералдық Цифрландыру және экономика министрлігінің бас директоры Флориан Фраушер төрағалық етті. Үкіметаралық комиссияның жұмысына екі елдің салалық министрліктері мен ведомстволарының өкілдері де қатысты.

ҮАК күн тәртібіне сәйкес Қазақстан мен Аустрияның ағымдағы экономикалық жағдайы, екі елдің үкіметтері экономиканы дамыту бойынша қабылдап жатқан шаралар туралы пікір алмасу болды.

Р. Василенко атап өткендей: «Бүгінгі таңда Қазақстанның алдында маңызды міндет тұр, бұл жан-жақты жаңғырту қарқынын жеделдету және әлеуметтік-экономикалық дамуда серпіліс жасау». Сонымен қатар, елдегі ауқымды реформалардың барысы туралы хабардар етіп, аустриялық компанияларды қазақстандық нарықты белсенді игеруге шақырды.

ҚР Үкіметінің экономиканы әртараптандыру және инвестициялық тартымдылықты арттыру жөніндегі шаралары аустриялық тараптың ерекше қызығушылығын тудырды. Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілігін растай отырып, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, туризм және цифрландыру салаларындағы одан әрі өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастықты арттыруға өзара қызығушылық білдіре отырып, ҮАК қатысушылары басым бірлескен іскерлік жобалардың тізімін жаңартты және экономиканың нақты салаларында екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға келісті.

Тараптар Қазақстан мен Аустрия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өсуін құптады. Бірқатар ірі аустриялық компаниялар қазақстандық нарықта ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жеңіл өнеркәсіп, аграрлық сектор саласында өз қызметін табысты жүргізуде.

Аустрия тарапынан ҮАК тең төрағасы Ф. Фраушер Қазақстан Аустрияның Орталық Азиядағы жетекші серіктесі болып табылатынын айтып, ҚР-мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттырудың маңыздылығын назарға алды.

ҮАК отырысы аясында Қазақстандық стандарттау және метрология институты мен «Austrian Standards» арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Іс-шараның қорытындысы бойынша тараптар қорытынды хаттамаға қол қойды.

Сол күні Грац қаласында Қазақстан-Аустрия бизнес-форумы ұйымдастырылды. Оның барысында ҚР инвестициялық әлеуеті таныстырылып, машина жасау, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Анықтама: Қазақстан мен Аустрия арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 202,7 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,3%-ға жоғары (163,1 млн АҚШ доллары).

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

9 пікір

  1. аватар
    Manuel 29 апреля 2023 16:12

    Remarkable issues here. I'm very glad to peer
    your post. Thanks a lot and I am taking a look ahead to touch
    you. Will you please drop me a mail?

    my homepage ... LOTTOUP

  2. аватар
    Amber 3 мая 2023 07:02

    Hey there! I know this is kinda off topic but I'd figured I'd ask.
    Would you be interested in exchanging links or maybe guest writing a blog article or vice-versa?
    My blog goes over a lot of the same subjects as yours and I feel we could greatly benefit
    from each other. If you're interested feel free to shoot me an email.
    I look forward to hearing from you! Great blog by the
    way!

    My web page - cash advance

  3. аватар
    Celesta 12 января 2024 10:40

    Hey are using Wordpress for your blog platform? I'm new to the blog
    world but I'm trying to get started and
    set up my own. Do you require any coding knowledge to make your own blog?
    Any help would be greatly appreciated!

    my web blog motilium kaufen in Graz

  4. аватар
    Aubrey 13 января 2024 12:30

    Hey I am so grateful I found your webpage, I
    really found you by accident, while I was researching on Digg for something else, Anyhow I am here now and would
    just like to say thank you for a remarkable post and a
    all round thrilling blog (I also love the theme/design), I don't have time to read it all at the moment but I have saved it and also added in your RSS feeds,
    so when I have time I will be back to read a great deal more, Please do keep up the great job.



    my web blog ... zakup coumadin w Poznaniu online

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив