Венада Қазақстан мен Аустрия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері талқыланды

Венада Қазақстан мен Аустрия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері талқыланды

 Қазақстан мен Аустрия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығы аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Үкімет өкілдерімен және іскер топтармен кездесулер өткізу мақсатында Венаға жұмыс сапарымен барды.

Аустрия Республикасы Федералдық канцлерінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Барбара Каудель-Йенсенмен келіссөздер барысында тараптар өзара мүдделі екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша «сағаттарын теңестірді». Қазақстан мен Аустрия арасындағы тауар айналымы 2020 жылғы 1 015,7 млн еуродан 2021 жылдың қорытындысы бойынша 1 541,7 млн еуроға дейін, яғни 51,7%-ға өскені атап өтілді.

Тараптар мұнай-химия саласындағы ынтымақтастық мүмкіндігін, сондай-ақ «жасыл» энергетикаға арналған жоғары технологиялық жабдықтарды өндіру үшін қажетті пайдалы қазбалардың болуын қарауға келісті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған және «Жаңа Қазақстанды» құруға бағытталған жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Украинадағы ахуал талқыланды.

Сапар барысында Аустрияның іскер топтар өкілдерімен «дөңгелек үстел» іс-шарасы орын алды. Кездесуге ауыл шаруашылығы, өңірлерді дамыту, туризм, цифрландыру және экономика федералды министрліктерінің, Аустрияның экономикалық палатасының өкілдері, сондай-ақ Frequentis, Vamed, Gebrüder Weiss, Raiffeisenbank International, Lasselsberger Group, Rail Cargo, Austrian Technology Corporation, Weissenseer және т.б. ірі компаниялардың өкілдері қатысты.

Р. Василенко Қазақстан Аустрияның Орталық Азия өңіріндегі сенімді серіктесі болғанын және болып қала беретінін, оның ішінде Аустрияның және тұтастай алғанда Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіне өз үлесін қосуды жалғастыратынын атап өтті. Осылайша, Аустрияға импортталатын барлық мұнайдың басым бөлігі (39%) қазақстандық өнім болып табылады.

Қазақстан-Аустрия үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) аустриялық тарапының тең төрағасы Флориан Фраушер 2021 жылы Нұр-Сұлтанда өткен ҮАК-тің 10-шы мерейтойлық отырысы барысында уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңыздылығын жоғары бағалап, бұл екіжақты сауда-экономикалық байланыстарға да оң әсерін тигізетінін атап өтті.

Халықаралық жағдайды ескере отырып, тараптар Қазақстан мен Аустрия арасындағы көлік-логистикалық байланыстарды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Осылайша, әлемдегі ең көне және елімізде 4 логистикалық терминалы мен Алматы қаласында өкілдігі бар Gebrüder Weiss көлік-логистикалық компаниясы жетекшілерінің бірі (1823 жылы құрылған) Дитер Бухингер Қазақстан арқылы өтетін халықаралық жүк ағынының өсуін атап өтті.

Аустриялық тараппен, атап айтқанда, Rail Cargo компаниясының Транскаспий халықаралық көлік маршрутымен бірге кооперация бойынша өзара іс-қимыл тақырыбы талқыланды.

Аустрияның Ауыл шаруашылығы, өңірлерді дамыту және туризм федералдық министрлігінің Бас директоры Андреас Райххардт Қазақстанмен ЖЭК, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы және денсаулық сақтау салаларында ынтымақтастықтың жоғары әлеуетіне назар аударды.

Кездесу соңында беделді бизнесмендердің бірі, Аустрия федералды экономикалық палатасының вице-президенті және Қазақстан-Аустрия Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Рихард Шенц «Жаңа Қазақстанды» құру мақсатындағы саяси және экономикалық реформалар жолына берік қолдау білдіріп, оларды халықаралық іскерлік қоғамдастық тұрғысынан жедел және толық жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив