«Ауыл – Ел бесігі»: Қазақстанда 3,5 мың ауыл толығымен жаңғыртылуда

«Ауыл – Ел бесігі»: Қазақстанда 3,5 мың ауыл толығымен жаңғыртылуда

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту арқасында ауылдағы өмір сүру сапасын жақсарту бойынша «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру барысы қаралды. 

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров республикада 6 293 ауылдық елді мекен бар екенін, онда 7,8 млн адам тұратынын баяндады. Олардың қатарынан даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауыл іріктелді (барлық ауыл тұрғындарының 90%-ы). Оларды жаңғырту «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында басым тәртіппен жүзеге асырылады.

Мәселен, 2019-2022 жылдары 326 млрд теңгеге 3,7 мың жоба іске асырылды. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 334 объектіні, 1,2 мың әлеуметтік инфрақұрылым объектісін (білім беру, денсаулық сақтау, спорт) және 2 мыңнан астам көлік инфрақұрылымы объектісін (ауыл ішіндегі жолдар) салуға және жөндеуге мүмкіндік берді.

Биыл 736 ауылда 143 млрд теңгеге тағы 1,5 мың жобаны іске асыру жоспарланған: 119 жоба ТКШ саласында, 275 жоба әлеуметтік инфрақұрылым бөлігінде, сондай-ақ 1,1 мың жоба ауыл ішіндегі жолдардың жағдайын жақсарту бойынша іске асырылмақ.

Өңірлерде «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы және Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев баяндады.

Премьер-Министр 2027 жылға қарай әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылдың бәрін Өңірлік стандарттар жүйесіне сай дамыту жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Оған сәйкес ауылдарда сапалы жолдар мен мәдениет, спорт және денсаулық сақтау объектілері, мектептер міндетті түрде болуы тиіс, сондай-ақ ауыл инфрақұрылымын дамытуға баса мән беріледі. Біздің басты мақсатымыз ауылдағы өмір сапасын жақсарту. Қазірдің өзінде нақты нәтижелер бар», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында жобаларды пайдалануға беру қарқыны жақсы екенін атап өтті. Бұл орайда Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстары осы көрсеткіш бойынша артта қалып отыр.

«Аталған өңірлердің әкімдері бұған ерекше назар аударуы қажет. Сонымен қатар іске асыру мерзімдері бойынша артта қалуға жол бермеу керек», — деді Әлихан Смайылов. 

Премьер-Министр барлық жоспарларды жүзеге асыру 40 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік беріп, ауылдық аумақтарды дамытуға жаңа серпін беретінін айтты.

«2027 жылға қарай ауылдық елді мекендерде судың сапасы мен жолдардың жағдайы жақсарады, инженерлік желілер жөнделіп, әлеуметтік, мәдениет және спорт объектілері салынады», — деді Әлихан Смайылов. 

Сөз соңында Үкімет басышысы Ұлттық экономика министрлігі Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу барысында болашағы бар ауылдарды айқындау әдістерін өзектендіріп, Өңірлік стандарттар жүйесін жетілдіру жөніндегі жаңа тәсілдерді ескеруі қажет екенін атап өтті.

https://primeminister.kz/kz/news/auyl-el-besigi-kazakstanda-35-myn-auyl-tolygymen-zhangyrtyluda-1704124

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив