Әлихан Смайылов Сауда және интеграция министрлігінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды

Әлихан Смайылов Сауда және интеграция министрлігінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Сауда және интеграция министрлігінің ұжымына жаңа басшы – Премьер-Министр орынбасарының міндетін атқарушы – ҚР сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринді таныстырды.

Үкімет басшысы бүгінге дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін басқарған Серік Жұманғариннің басшылық қызметте үлкен тәжірибесі бар екенін атап өтті.

«Серік Мақашұлы – жауапты және талапты адам, оның өзін осындай жауапты қызметте көрсете алатынына сенімдімін», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысы экономиканы дамытуда, көрші елдермен тығыз экономикалық және интеграциялық байланыстарды нығайтуда сауда саласының маңызы зор екенін атап өткен.

«Министрліктің алдында маңызды міндеттер тұр. Әрине, бұл ішкі сауданы дамыту және реттеу, сауда инфрақұрылымын жетілдіру, биржалық және электрондық сауданы кеңейту», — деді Әлихан Смайылов. 

Үкімет басшысының сөзінше, оған қоса тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, шикізаттық емес тауарлар мен қызметтер экспортын дамытуға және ілгерілетуге, сондай-ақ техникалық реттеу және стандарттау саласындағы жұмысқа үлкен назар аудару қажет.

«Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаларын мониторингтеу және оларды тұрақтандыру жөнінде шаралар әзірлеу – қоғамдағы ерекше назар аударуды қажет ететін мәселе. Серік Мақашұлы, Мемлекет басшысының жоғары сенімін ақтайсыз деп үміттенеміз», — деп түйіндеді Премьер-Министр.

Ведомствоның бұрынғы басшысы Бақыт Сұлтанов Сауда және интеграция министрлігінің ұжымына бірлескен жұмыс үшін алғыс айтып, Серік Жұманғаринге жаңа қызметінде табыс тіледі.

https://primeminister.kz/kz/news/alihan-smayylov-sauda-zhane-integraciya-ministrliginin-uzhymyna-zhana-basshyny-tanystyrdy-1574941

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив