2022 жылдың 5 айында Маңғыстау облысы мен Чехия арасындағы сыртқы сауда айналымы 420,3 мың АҚШ долларын құрады

2022 жылдың 5 айында Маңғыстау облысы мен Чехия арасындағы сыртқы сауда айналымы 420,3 мың АҚШ долларын құрады

Бүгін, 31 мамырда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Чехия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рудолф Гикл мырзаны қабылдады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Екіжақты кездесуде инвестициялық мүмкіндіктер мен өңіраралық кәсіпкерлікті дамыту перспективалары, сондай-ақ Маңғыстау облысы мен Чехия арасындағы экономикалық байланысты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Чехия Маңғыстау облысының сыртқы сауда байланысында маңызды рөл атқарады.

Маңғыстау облысының Чехиямен сыртқы сауда айналымы 2022 жылы 420,3 мың АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 39,6 мың АҚШ долларын, импорт – 380,7 мың АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар облыста экономиканың түрлі салаларында чех капиталының қатысуымен 7 кәсіпорын тіркелген.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес біз инвестициялық ахуалды жан-жақты қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз. Бізде барлық мүмкіндіктер бар, облыстың туризм, қызмет көрсету, өнеркәсіп және т.б. салаларында инвестиция әлеуетін арттыруға болады. Инвесторлар үшін де, Чехиядан келетін туристер үшін де есігіміз әрқашан ашық,-деді Нұрлан Ноғаев.

Кездесу соңында тараптар экономиканың түрлі салаларында нақты жобаларды жүзеге асыру үшін ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив