Қазақстан Чехия нарығына 324,8 млн. $ сомасына 45-тен астам өнім түрін жеткізе алады

Қазақстан Чехия нарығына 324,8 млн. $ сомасына 45-тен астам өнім түрін жеткізе алады

Ағымдағы жылғы 26 қаңтарда бейнеконференцбайланыс режимінде Экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-чех үкіметаралық комиссиясының тең төрағалары – Чех Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Мартин Тауберова мен Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың кездесуі өтті.

Кездесуге Чех Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР Чех Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі қатысты.

Өткен кездесу ҮАК 11-ші отырысына дайындық кезеңдерінің бірі болып табылады, оны өткізу Прага қаласында 2-ші жартыжылдықта жоспарланған.

Өзінің қарсы алу сөзінде Сауда және интеграция вице-министрі Қ. Төребаев үкіметаралық комиссия жұмыс істеп тұрған уақытта өзін өзара ынтымақтастық мәселелерінің кең спектрі бойынша нақты шаралар қабылданатын алаң ретінде танытқанын атап өтті.

Тараптар Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін, алдағы отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерді, сондай-ақ COVID-19 пандемиясы (медициналық техниканы, жабдықтарды, дәрілік препараттарды және т.б. өнімдерді жеткізу) кезеңінде денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Бүгінгі таңда біздің елдеріміз жалпы құны 135 млн. АҚШ доллары болатын қуаттылығы 50 МВт күн электростанциясы құрлысының жобасы іске асырылады, сондай-ақ жалпы сомасы 700 млн. доллар болатын 6 жоба қосымша пысықталуда.

Қазақстандық сарапшылар сауда ынтымақтастығын дамыту мақсатында Чехия нарығына шығарылуы мүмкін әлеуетті тауарлардың тізбесін дайындады. Бұл жалпы сомасы 324,8 млн. АҚШ доллар болатын 45 өнім атауы. Бұл мұнай-химия салаларының өнімдерін жеткізуді 144 млн. АҚШ долл., металлургия –  61,5 млн. АҚШ доллары, тамақ өнеркәсібі – 58 млн. АҚШ долларын, химиялық – 20,4 млн. АҚШ долларын, машина жасау – 26,1 млн. АҚШ доллары және құрылыс тауарлары 14,8 млн. АҚШ доллары.

Кездесу барысында қазақстандық тарап бірқатар ұсыныстар айтты:

- Чехияның атом энергетикасы кәсіпорындарына «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ табиғи уран концентраттарын және уран өнімдерін жеткізу;

- станоктарды жөндеу және жаңғырту және олардың жиынтықтаушы және қосалқы бөлшектерін өндіру жөніндегі орталықты (технопарк), сондай-ақ отандық өндірістерде одан әрі қолдану үшін Қазақстанда компоненттік база өндірісін дамыту жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығын құру;

- Қытайдан Еуропаға Чех Республикасына/нан/арқылы контейнерлік жүктерді (жүк тасымалдарын) дамыту.

Жалпы, оң үрдістердің ішінде Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы 2019 жылы 380,4 млн. АҚШ долл. құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,2%-ға жоғары (292,2 млн. АҚШ).

Сонымен бірге, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2020 жылдың 11 айында өзара сауда-саттық 9,9%-ға төмендеп, 312,4 млн. АҚШ долларын құрады.

Сонымен қатар, осы кезеңде Чехияға қазақстандық экспорт 4,5%-ға (64,7 млн. АҚШ долларын құрады) және Қазақстанға Чехиядан импорт 11,2%-ға (247,6 млн. АҚШ долларын құрады) қысқарды.

Кездесу соңында вице-министр Қ. Төребаев тараптар алдағы отырыс кезінде тиімді диалог құруға көмектесетін барлық мәселелерді талқылағандарын, бұл өз кезегінде екі елдің одан әрі стратегиялық әріптестігіне елеулі үлес қосатынын атап өтті.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив