Мәжіліс Энергетика министрінің кандидатурасын келісті

Мәжіліс Энергетика министрінің кандидатурасын келісті

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында депутаттар Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметіне тағайындау үшін Мағзум Мырзағалиевтың кандидатурасын келісті. 

 Келісім «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды.

Кандидатураны Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.

Мәжілісте енгізілген министрлерді келісу рәсіміне сәйкес, Мағзум Мырзағалиев депутаттардың сұрақтарына жауап беріп, жұмысты ұйымдастыру туралы өзінің көзқарасын айтты.

Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттары ел басшылығының бейбіт атомға көшу туралы мәселені қарау жөніндегі тапсырмасына, газдандыру және жаңартылатын энергетика  мәселелерінің маңыздылығына тоқталып, осы аталған сала бойынша бірқатар сұрақтар қойды.

Нәтижесінде, комитет отырысы бойынша тиісті қорытынды әзірленді. Құжатта Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті Мағзум Мырзағалиевтың кандидатурасын қарастырып, оны Энергетика министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынуға болады деп санайды. 

   ҚР Парламент  Мәжілісінің Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив