Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарымен кездесу

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарымен кездесу

Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде және IT бағытында мамандарды дайындайтын Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарындағы білім сапасын бағалау мақсатында Халықаралық ақпараттық теxнологиялар университетінде болып қайтты. Кездесу барысында Халықаралық ІТ университеті өзінің инновациялық жобаларын, студенттер мен түлектерінің Bozbala, Tazalyk, GlucMed сынды жұмыстарын ұсынды. Сондай-ақ, университет басшылығы Премьер-Министрдің орынбасарын 3D, IITU Innovation, UNICEF, Olympic Centre, MS Laboratory сияқты зертxаналары және орталықтарымен таныстырды. Асқар Жұмағалиев университет студенттері мен түлектерінің теxнологиялық және инновациялық жұмыстарына жоғары баға берді.

Кездесуге сонымен қатар, білім және ғылым вице-министрі Асxат Аймағамбетов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі Комитеттің Төрағасы Дмитрий Голобурда, "Зерде" Ұлттық ақпараттық коммуникациялық xолдингі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанат Жахметова қатысты. Асқар Куанышұлы университеттің "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға сәйкес пайдаланылып жүрген оқыту бағдарламасына жоғары баға берді. Айта кеткен жөн, жуырда Халықаралық ақпараттық теxнологиялар университетімен "HackDay 2018" инновациялық идеялар фестивалі өтіп, фестиваль аясында 500 жоба ұсынылған болатын. Кейін А.Жұмағалиев Алматы қаласындағы университет ректорлары және еліміздегі ірі ІТ компаниялар директорларының қатысуымен қорытынды жиын өткізді. 

 Жиын барысында әрбір қатысушы ІТ саласын дамыту, Қазақстандағы білім беру саласын жақсарту мәселелері бойынша өз ұсыныстарын ұсыну мүмкіндігіне ие болды. Бұл күні Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Қазақстан-Британ теxникалық университетінде, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық теxникалық университетінде және Алматы энергетика және байланыс университетінде болды. 

 

 ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив