Погон таққан донорлар: ҚАЖ департаменті қызметкерлері мұқтаж жандар үшін қан тапсырды

Погон таққан донорлар: ҚАЖ департаменті қызметкерлері мұқтаж жандар үшін қан тапсырды

2021 жылғы 11 ақпан күні Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері мұқтаж жандар үшін қан тапсырып, қайырымды істер қатарын толықтырды.

Департаменттің 10 шақты қызметкері донорлық қанға мұқтаж жандарға көмектесіп, өмірлерін құтқаруды мақсат етіп Қызылорда қаласындағы облыстық қан тапсыру орталығына келді.

Бастамас бұрын барлық донорлар медициналық тексеруден өтеді. Қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда ғана қан тапсыруға рұқсат етіледі. Әр донордан 450 мл шамасында қан алады. Барлық процедураның өзі дайындықпен бірге 20 минутқа жуық уақытты алады.

«Бір донор – бір өмір» деп бекер айтылмаса керек және осы іс-әрекетіміз біреудің анасының, әкесінің, баласы немесе ағасының өмірін құтқарып қалатынына сенімдіміз және барлық азаматтарды осындай қайырымды іс жасап, көмекке мұқтаж жандарға көмектесуге шақырамыз», - деді департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі М.Нәкенов.

Айта кетерлік жайт, бұндай акция ҚАЖД қызметкерлері үшін игі дәстүрге айналған және жүйелі түрде өткізіліп отырады. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив