АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ МЕН КОЛЛЕДЖДЕРІ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚҚА ШАҚЫРЫЛДЫ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ МЕН КОЛЛЕДЖДЕРІ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚҚА ШАҚЫРЫЛДЫ

Ақмола облысында білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша онлайн-конференция өтті.

Іс-шараға «Саналы ұрпақ» Республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі, қоғам қайраткері Қайыржан Тоқышев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу орталығы жетекшісінің орынбасары Ержан Жаров, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев, мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен колледждердің басшылық құрамының 60-қа жуық тұлғасы қатысты.

«Өздеріңіз білетіндей, 26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы ЖОО-лардың академиялық адалдық пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын бұзғаны үшін, тіпті лицензиядан айырғанға дейінгі жауапкершілігін қосымша күшейтуді тапсырды. Сондықтан, меншік түріне қарамастан, барлық жоғары және орта-кәсіптік оқу орындарының басшыларын «Саналы ұрпақ» және «Адал ұрпақ» жобаларының Кешенді жұмыс жоспарлары аясында тиісті шараларды ұйымдастыруға шақырамын», - деп атап өтті өз сөзінде Қайыржан Тоқышев.

Онлайн-конференция барысында Мұрат Төлеубаев жоғары оқу орындары мен колледждердің басшыларына білім беру және ғылыми гранттарды бөлудің, бюджетті игерудің, басшы құрамды іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ студенттерді қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға тартуды күшейту қажеттігін атап өтті.

«Өскелең ұрпаққа үлкен үміт артылады, парасаттылық қағидаттары еліміздің әрбір жас азаматы үшін басты құндылықтарға айналуы тиіс. Осы маңызды қасиеттерді одан әрі дамыту кіші жастағы рухани-адамгершілік құндылықтардың негізі қалай қаланатынына байланысты», - деді Мұрат Төлеубаев.

Оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізудің рөлі туралы Ержан Жаров айтып берді.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор, Республикалық арнайы мониторингтік топтың мүшесі Ғалым Байтұқ студенттік ортадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие бойынша жаңа жобалармен бөлісті.

Сондай – ақ, Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаментінің басшысы Серік Алтаев білім беру саласындағы бақылау жұмыстарының нәтижелері туралы, ал облыстық Білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Кездесу соңында қатысушылар академиялық адалдықты сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және білім беру саласындағы парасаттылық идеологиясын ілгерілету бойынша жұмысты жандандыру қажеттілігі туралы атап өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив